Ева Лонгория Димашты биге шақырды

Ева Лонгория Димашты биге шақырды
Фото: vk.com

Кеше талантты отандасымыз Димаш Құдайберген Париж қаласындағы "Global Gift Foundation" қайырымдылық концертіне қатысты. Кеш барысында ол әйгілі әнші Селин Дионның "All by myself" әнін орындап қонақтарды тәнті етті.

Global Gift коммерциялық емес қайырымдылық қорының мақсаты - көмекті қажет ететін балалар мен әйелдерге және отбасыларға қолдау көрсету. Ева Лонгория мен ол негізін қалаған Eva Longoria Foundation және Global Gift Foundation қайырымдылық қоры бірнеше жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш 19 мамыр күні Канн фестивалінде ұстазы Айман Мұсақожаевамен бірге ән шырқайды. Астана қаласында 27 маусым күні EXPO-2017 көрмесі аясында жеке шығармашылық концерті өтеді. Билеттерді мына жерден ала аласыздар. 

Ж. Жұмағұлов