Димаш Канн фестивалінде өнер көрсетті

Димаш Канн фестивалінде өнер көрсетті
Фото: vk.com

Бүгінде барша жұртшылықтың назарындағы талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген 70-ші Канн фестивалінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Массагет тілшісі. Әнші француз тілінде "SOS d'un terrien en detresse" әнін, төлқұжатына айналған "Дайдидауды", сонымен бірге Лара Фабианның репертуарынан "Adagio" әнін орындап, қонақтардың қошеметіне бөленді.

Қазақстан павильонының ресми операторы - "Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы" Қоғамдық бірлестігі (ҚБ). Аталған ҚБ 70-ші Канн халықаралық кинофестивалінде еліміздің киноиндустриясын таныстырды. Бірінші қазақстандық павильон "Le Village International" кинонарығы аумағында Фестивальдер сарайы маңында болды. 

Естеріңізге сала кетейік, әнші Қытайға қайта оралды. Кеше Шанхай қаласында "GoStar 2017" салтанатты кешіне қатысты. Бұл кеште ол өзінің авторлық әні "Көркемімді", "I am singer" байқауының 5-кезеңінде орындаған Бруно Марстың "Uptown funk" және "SOS d'un terrien en detresse" әнін шырқады. Аздаған күннен соң Димаштың туған күні өтеді. Сүйікті әншілерінің туған күніне арнап қытайлық dears ерекше тосынсый дайындап жатқаны жөнінде әлеуметтік желілерде небір қауесеттер тарады. 

Ж. Жұмағұлов