Димаш Құдайбергенов алтыншы кезеңге өтті (видео)

Димаш Құдайбергенов алтыншы кезеңге өтті (видео)
Фото: weibo.com

Димаш Құдайбергеновтың Қытайда өтіп жатқан "I am a singer" телебайқауына қатысып жатқанынан қалың жұрт хабардар. Аталған сайыстың бесінші кезеңінде Димаш Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін орындады.  

"Осы аптада Bruno Mars репертуарынан "Uptown Funk" әнін орындау тапсырылды. Бұл ән менің жан дүниеме бөтен - бірақ тапсырманы 100 пайыз орындауға тырысамын! Сіздер үйренген Димашты осы апта көрмейсіздер! Алдын ала кешірім сұраймын! Бірақ, көңілді болатынына сенімдімін! Сенбі күні 20:05-те (Астана уақытымен). Hunan Tv арнасынан #IAmSinger жобасын өткізіп алмаңыздар!", - деп жазған еді жас әнші өзінің Іnstagram желісіндегі парақшасында. 

Естеріңізге салайық, Димаш Құдайберген "I am a Singer" байқауының бірінші, екінші кезеңдерінде бірінші орын, үшінші, төртінші кезеңдерінде үшінші орын алса, бесінші кезеңінде бесінші орын алып отыр.

М. Оңғарова