- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- XXII ғасырдың басында...
XXII ғасырдың басында ауа температурасы 77°C-қа жетеді
Лойола университетінің (АҚШ) климатологтардың мәлімдеуінше 2100 жылы Парсы шығанағы бойындағы елдерде ауа температурасы мен ылғалдылық тым жоғары болады. Ауа температурасы 77°C-қа дейін көтеріледі. Нәтижесінде адамдар күндіз сыртқа шыға алмай қалады.
Америкалық ғалымдар Катар, Бахрейн, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігі территориясының ХХІІ ғасырға арналған климаттық моделін жасады. Ресми болжамға орай, аталған елдерде жазғы температура 35°C-тан төмен түспейді. Ал ауа ылғалдығы 100%-ға дейін көтеріледі. Мұндай атмосферада дені сау адамның ағзасы да біркелкі жұмыс істей алмайды. Ғылыми зерттеу мақаласы Nature Climate Change журналында жарияланды.
«Расында Парсы шығанағындағы барлық елдер ыстық температурадан зардап шекпейтін болады. Абу-Даби, Дубай және Доха сынды дамыған қалалардың басшылары көшелерді оқшаулап, орташа температураны қалыптастыру үшін желдеткіштермен орнатады. Ал жағдайы көтермейтін елдерде адамдардың түнде жұмыс істеп, күндіз демалатын күн тәртібіне ауысудан өзге амалы қалмайды», - дейді Чикагодағы Лойола университетінің профессоры Джереми Пал.
Ғалымдардың айтуынша, Парсы шығанағындағы ел тұрғындары болашақта күндіз көшеде серуендеуді қояды. Себебі атмосфераның ылғалдығы мен жоғары температура ыстыққа төзімді оңтүстік адамдарының денсаулығына да айтарлықтай кері әсер етеді.
Ж. Өрісбай