Америкалық ғалымдар стратосферасы бар ғаламшарды анықтады

Америкалық ғалымдар стратосферасы бар ғаламшарды анықтады
Фото: voanews.com

Америкалық ғалымдар Hubble телескобының көмегімен бұрын соңды мүмкін болмаған жаңалық ашты. Нақтырақ айтар болсақ, Жарық жұлдызға ең жақын ғаламшардың стратосфералық ауа қабаты бар екендігі белгілі болды.

Astrophysical Journal ғылыми журналында жарияланған мақалаға сүйенсек, WASP-33b атауына ие HD 15082 жұлдызына ең жақын экзоғаламшар болып саналатын ғарыш нысанында стратосфералық қабат бар болып шықты. Ғарыштағы Hubble телескобы арқылы алынған суреттердің көмегімен ғалымдар осындай шешімге келіп отыр.

Астрономдардың айтуынша, WASP-33b стратосферасында ультракүлгін сәулелерді сіңіріп алатын молекулалар бар. Экзоғаламшар Күнге жақын орналасқандықтан, ашық ғарышқа жоғарылаған сайын стратосферадағы температура көтеріледі. Бұл ғылымда температуралық инверсия деп аталады. Нақтылап өтсек, WASP-33b стратосферасы Жердің ауа қабатының жүйесіне қарама-қарсы құрылымға ие. Біздің стратосфералық қабатта да ультракүлгін сәулелерді жою үдерісі жүретіндіктен, екі ғаламшардың ұқсастықтары нақтылануда. Дегенмен, WASP-33b ғаламшарының озон қабаты жоқ. Себебі оның орбитасы жоғары температурамен қапталған.

Ғалымдардың айтуынша, нысанадағы ғаламшарда стратосфера қабаты титан оксиді негізінде қалыптасқан. NASA астрофизиктерінің ресми дәйектемелеріне орай, экзоғаламшар тым жоғары температуралық орбитада айналып жүргенімен, оның бірнеше атмосфералық қабаты бар. Осыған дейін ғаламда жоғары температураға қарамастан ауа қабатының бар болуы кездеспеген болатын.

WASP-33b ғаламшардың салмағы Күн жүйесіндегі Юпитерден төрт есе үлкен. Ал оның жұлдызды айналу қашықтығы небәрі 0,02 астрономиялық бірлікке тең, яғни ғаламшар HD 15082 жұлдызын 1,22 тәулікте бір рет айналып шығады.

Бұл ғарыш нысаны әзірге заманауи ғылымдағы ең ыстық ғаламшар атанып отыр. Оның бетіндегі ауа температурасы Цельсий бойынша 3200 градусты көрсетеді. Бұл «кішкентай жұлдыз» класына жататын Күннің температурасымен тең.

Ж. Өрісбай