Нобель сыйлығына кімдер үміткер? #3

Нобель сыйлығына кімдер үміткер? #3
Фото: kot.sh

Әлемдегі ең беделді ғылыми сыйлықтың лауреаттары анықталмас бұрын, жыл сайын болжам жасайтын америкалық Thomson Reuters компаниясының сарапшылары Нобельге үміткер бола алатын ғалымдарды атады. Айта кетсек, Thomson Reuters 2002 жылдан бері 37 ғалымның есімін анық болжаған.

Басы

Стэнфорд университетінің (АҚШ) профессоры Каролин Бертоцци химия саласы бойынша Нобельге негізгі үміткерлер қатарынан орын алған. Ол биоортогоналды реакцияны, яғни тірі ағзалардың ішіндегі химиялық реакцияларды зерттеумен айналысады.

Каролиннен бөлек биылғы Нобель сыйлығын тірі ағза геномының құрылымын өзгерту әдісін дамытып жатқан Эммануэль Шарпантье (Германия) мен Дженнифер Дудна (АҚШ) есімді ғалымдар иемденуі мүмкін. Сонымен қатар, литий-ионды қуат жинағышты құрастыруға ғылыми негіздеме ұсынған Джон Гуденоф пен Стэнли Уиттинхэм есімдері ле негізгі үміткерлер қатарында тұр.

Химия ғылымы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты 7 қазан, сәрсенбі күні анықталады. Іс-шара Астана уақыты бойынша 15:45-те басталады.

Жалғасы

Ж. Өрісбай