Стэнфорд университеті

Стэнфорд университеті

Университет ресми сайты: http://www.stanford.edu/

Орналасқан жері: АҚШ, Калифорния штаты

Сипаттама: Университет 1891 жылы Калифорния губернаторы Леланд Стэнфордтың бастамасымен құрылған және университет оның ерте жасында дүниеден озған баласы Леланд Стэнфордтың (кіші) атымен аталған. 

Стэнфорд жыл сайын 6700 студент пен 8000 аспирантты қабылдайды. Университет бірнеше бөлімге бөлінген, атап айтқанда: бизнес, құқық, медицина, техникалық факультеттері. Аталған оқу орнын бітірген түлектер Yahoo!, Google, Electronic Arts секілді алып компаниялардың негізін қалаушылар болып есептеледі. 

2011 жылы QS World University Rankings рейтингісі бойынша Стэнфорд университеті әлемдік рейтингте 11-орынды иеленген еді. 

Студенттер саны: жалпы 15200 студент оның ішінде 6800-і бакалавриат мамандығында білім алса, 8400-і аспиранттар пен докторанттар.

Оқуға түсу талаптары (талапкерлерге): 

* Жас мөлшері кемінде 17 болуы керек (дайындық курстарына кемінде 16);

*  TOEFL сертификатын ұсыну;

* Инженерлік факультет: Paper-based - 575, Internet-based - кемінде 89 бал;

* Инженерліктен басқа факультеттерге: Paper-based - кемінде 600 бал, Internet-based - кемінде 100 бал;

SAT сертификатын ұсыну;

* Ағылшын, математика, тарих пәндері бойынша мектепте немесе университетте сабақ берген мұғалімдерден алынған 2 мінездеме ұсыну;

* Жақын адамнан алынған 1 мінездеме (мұғалімнен емес);

* Орта білімнің бар екендігін куәландыратын аттестат пен университет дипломын ұсыну; 

* Барлық құжаттарды ағылшын тіліне аудару ( нотариус куәландыруымен);

Оқуға түсу талаптары (магистратура мен доктарантура): 

* Жоғары оқу орнын аяқтағаны жайлы куәлік (диплом) ұсыну;

* TOEFL сертификатын ұсыну;

* Инженерлік факультет: Paper-based - 575, Internet-based - кемінде 89 бал;

* Инженерліктен басқа факультеттерге: Paper-based - кемінде 600 бал, Internet-based - кемінде 100 бал;

GRE (Graduate Record Examinations) сертификатын ұсыну, ал MBA мамандығына GMAT (Graduate Management Admissions Test)- 730 бал;

* Жоғары оқу орны оқытушысынан алынған 1 ұсыныс хат;

* Оқу бағдарламасы және алған бағалар жайлы анықтама көрсету;

* Барлық құжаттардың ағылшын тіліне аударылған нұсқасын жіберу (нотариус куәландыруымен);

Оқу құны: бакалавриат дәрежесі - 34800, магистратура - 37110;

Грант: "Болашақ халықаралық бағдарламасы"

Сурет: rospersonal.ru, v-amerike.info

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?