Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық

Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық

Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық

Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сый. Оның лауреаттары қатарында рентген сәулеленуін, пенициллинді ойлап тапқан атақты ғалымдар бар. Нобель сыйлығымен Нельсон Манделла, Барак Обама секілді танымал қайраткерлер марапатталған. 

Жыл сайын қазан айының басында бүкіл әлем назары Швеция мен Норвегия еліне ауысады. Дәл осы уақытта Стокгольм және Осло қалаларында Нобель сыйлығы лауреаттары есімі жарияланады. Бұл күні Нобель қоры сайтына миллиондаған қолданушылар кіріп жатады. 

Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері әр жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет және бейбітшілік салалары бойынша елеулі жетістікке жеткен ғалымдар мен ұйымдарға беріледі. Марапаттау рәсімі жыл сайын 10 желтоқсан күні өтеді. Осы салтанатты марапаттау күнінде Швеция королі лауреаттарға Нобель медалін, диплом және де ақшалай сыйлық тапсырады. 

Альфред Нобель мұрасы

Нобель сыйлығы швед өнертапқышы және өнеркәсіп иесі Альфред Нобельдің  (1833—1896) өсиеті бойынша құрылған. 1895 жылы жазылған өсиетте Нобель өзінің қаржы жағдайын сенімді бағалы қағаз күйінде ұстауды бұйырған. 

Өсиетке сәйкес, марапат беруге Швеция мен Норвегия еліндегі төрт ұйым жауапты болуы қажет. Олар Швед ғылым академиясы, Стокгольмдегі Каролин институты, Стокгольм академиясы, сондай-ақ, бес мүшеден тұратын Норвегия парламенті сайлаған комитет.

Динамит атасы 

Нобель сыйлығын құрушы Альфред Нобель инженер-химик, өнертапқыш және ірі өнеркәсіп иесі болған. Ол 1833 жылы 21 қазанда Стокгольм қаласында туылып, 1896 жылдың 10 желтоқсанында Сан-Ремода дүниеден озды. Нобель өз еңбегінің көбін жарылғыш заттарға бөлген. Ол капсюль-детонатор, динамит, түтінсіз дәрі секілді өнертабыстардың авторы. Альфред Нобель есімі бүкіл әлемге 1882 жылы Сен-Готард туннелінің құрылысы кезінде алғаш рет динамит қолданылған бойда танылды. 

Өз өмірінде Нобель 355 өнертабысты бес түрлі елде патенттеген. Оның ойлап тапқан жарылғыш заттары әлемнің әр жерінде орналасқан 100 зауытта өндірілді. 

Атақты өнертапқыш Швеция, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия секілді елдерде жұмыс істеген. Ол сонымен қатар 5 тілді білген, әдебиет оқу мен өлең, пьеса жазуды сүйген адам болған.

Жүз он бір жыл ішіндегі Нобель сыйлығы 

1901 жылы алғаш рет Нобель сыйлығы берілгеннен бастап, 2011 жылға дейін Нобель сыйлығы лауреаты атанған адамдар мен ұйымдар саны 853-ке жетті. Олардың 23-і ұйым болып есептеледі. Лауреат атанған адамдардың кейбірі мұндай құрметке екі рет лайық болған.

Физика саласында тұңғыш лауреат атанған адам - сәулеленуді ойлап тапқан Вильгельм Конрад Рентген болды. Рентген сәулеленуі қазіргі күнге дейін бүкіл әлемде медицина саласында қолданылып келеді. 

1905 жылы тарихта алғаш рет Нобель сыйлығы лауреаты австриялық жазушы Берта фон Зутнер атты әйел адам болды. 

Әдебиет саласы бойынша, Нобель сыйлығы лауреат атанғандарының ішінде Эрнест Хемингуэй (1945), Тони Моррисон (1993), Дарио Фо (1997), Гарольд Пинтер (2005) бар. Ал осы номинация бойынша ең қарт лауреат Дорис Лессинг еді. Ол 2007 жылы 87 жасында марапатталған болатын. 

Стокгольмдегі Нобель апталығы 

5—6 желтоқсан

Лауреаттардың Стокгольм қаласына келуі.

7—8 желтоқсан

Лауреаттар дәріс оқиды. Марапаттауға қатысатын мекемелер қабылдау мезгілі мен банкет ұйымдастырады.

9 желтоқсан

Елшілікте болатын түскі ас (лауреат қайдан болса, сол елдің елшілігінде). 

10 желтоқсан

Стокгольмде орналасқан концерт залында болатын марапаттау салтанаты. Лауреаттарға Швеция королінің қолынан Нобель медалі, диплом сонымен қатар, ақшалай сый (Бүгінгі таңда Нобель сыйлығының ақшалай сый мөлшері 10 миллион швед кронын құрайды (бұл 1,5млн АҚШ доллары) тапсырылады. Содан соң, Стокгольм қалалық басқарма үйінде банкет болады. 

11 желтоқсан

Салтанатты Корольдік сарайдағы түскі ас аяқтайды. 

Әлемдегі ең беделді сыйлықтың түрлі көшірмелері де жоқ емес.

Сурет: russianradio7.com, reporterus.com, 100ssilok.ru, sweden.se, ria.ru

23991 0
Рейтинг: +6

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 26 тамыз 2013, 08:05
Пікірлер
+1
16 мамыр 2012, 20:07

Жарайсың Нобель, сенің арқаңда қаншама жаңалық ашылды

+0
12 ақпан, 18:05

мақаланың авторы кім?

+0
16 мамыр 2012, 20:39

"Альфред Нобель адамзатты соғыстан құтқарғысы келіп, динамит ойлап тапты. Опенгеймер ол да адамзатты соғыстан құтқарғысы келіп, атом бомбасын ойлап тапты" :roll:

+0
16 мамыр 2012, 20:42

осы сөздің авторы кім еді, вундеркиндтер? )

+0
16 мамыр 2012, 22:24

"Игры разума" фильміндегі жынданған профессордың Нобель сыйлығын алуы жақсы экранизацияланған.

+0
16 мамыр 2012, 23:05

помоему сол адам шынымен де өмір боллған ия?

+0
16 мамыр 2012, 23:15

Иә, болған. Джон Нэш деген математик. Әлі де бар. Тіпті Қазақстанға қонақ болып келіп кеткен.

+0
17 мамыр 2012, 12:02

Біздің Қазекеңдерден ешкім алмаған ба ?

+0
17 мамыр 2012, 16:54

Жақында атын ұмытып тұрмын, Ғылым академиясының бір мүшесі Қазақ тарихындағы тұлғалар жайлы жазып, осы 2012 жылы Нобель сыйлығын алды (Қазақстан тарихындағы бірінші Нобель сыйлығы)

+0
08 маусым 2012, 16:42

қой өтірік болар :!:

+0
18 мамыр 2012, 16:22

көп іркілмей, есімді жиып алып
сәлемдестім өзіңмен тым ұялып
ұсынғанда гүліңді разы болғам
тұрғанымдай "Нобельдің сыйын" алып :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев