- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- HoloLens голографиялық көзілдірігі...
HoloLens голографиялық көзілдірігі Марсты зерттеуде қолданылмақ
Күні кеше Microsoft корпорациясының HoloLens виртуалды голографиялық көзілдірігін таныстырғаны туралы жазған болатынбыз. NASA ғарыш агенттігі виртуалды суреттерге шынайы голографиялық бейне бере алатын көзілдірікті Қызыл ғаламшарды зерттеуде қолдануды жоспарлап отыр.
Ғаламтор ақпараттарына сүйенер болсақ, Microsoft өз өнімін сынақтан өткізу кезінде NASA ғарыш агенттігімен келісімге келген. Сынақ жүргізу кезінде АҚШ-тың ғарыш агенттігі ғалымдарға Марстың жер бедерін Жерде тұрып-ақ зерттеуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық қамту ұсынды. Нақтырақ айтар болсақ, енді NASA инженерлері Марстағы модульдің көзімен Қызыл ғаламшарға назар сала алады. Бұл оның негізгі құрылымын анықтауға да орасан зор ықпалын тигізбек.
Расында енді адам басқаруындағы аппараттың негізгі бағыттарын анықтау қиынға соқпайтын болады. «Бұл құрылғы Марстың беткі қабатын зерттеуде үлкен мүмкіндіктер ашады», — дейді құрастырушылардың бірі.
Адам баласы Марстың атмосферасы мен литосферасын зерттеп жатқанына біршама уақыт болды. Енді бұл үдеріс Microsoft өнімімен жылдамырақ болмақ.
Сурет: www.nasa.gov
Оқи отырыңыз:
Марстан тасқа қашалған мысық бейнесі табылды
2003 жылы жоғалып кеткен ғарыш аппараты Марстан табылды
«Венера-экспресс» ғарыш аппараты жоғалып кетті
Ж. Өрісбай