NASA марсоходтың тапқан "олжасы" жөнінде жариялады

NASA марсоходтың тапқан "олжасы" жөнінде жариялады

NASA ғарыш агенттігі Curiosity марсоходының Қызыл планета бетінен тапқан "олжасы" жөнінде жариялады. Ғалымдар осыған дейін Curiosity Марс бетінен таңғажайып нәрсе тауып алғандығы жөнінде жариялаған болатын. Бірақ кейіннен ол ақпарат расталмады. 

Сонымен NASA-ның айтқысы келгені Марс бетінен табылған күрделі химиялық заттек жөнінде екен. Нақтырақ айтсақ, марсоход лабораториясына әкелінген үлгілер ішінен су молекуласы, күкірт және хлор қоспалары бар химиялық заттектер табылған. 

NASA ғалымдарының көпшілігі аталған элементтердің ішінде хлор Марсқа тиесілі дегенді айтады. Себебі хлордың түрі мен қасиеті өзгерген екен. Яғни Марстық кейіпке енген. Дегенмен ғалымдар алдымен химиялық элементтердің шынымен де Қызыл планетаға тиесілі екенін анықтап алу керек екенін ескертеді. Бұған себеп аталған химиялық қосындылар "Curiosity Марс кезбесімен" бірге өзіміздің Жерден де келуі мүмкін екен.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mk.ru 

Б. Қосмағамбет