«Венера-экспресс» ғарыш аппараты жоғалып кетті

«Венера-экспресс» ғарыш аппараты жоғалып кетті

Осыдан сегіз жыл бұрын Шолпан ғаламшарын зерттеуге ұшырылған «Венера-экспресс» аппараты өзіне жүктелген міндетті соңына дейін атқарды. Бұл туралы Еуропа Ғарыш Агенттігі (ЕКА) хабарлайды. Жоспарланғаннан төрт есе көп уақыт еңбек еткен ғаламшардың жасанды серігінің соңғы жанармайы таусылып, Жермен байланысы үзілген.

ЕҒА хабарлауынша, аппаратты Жерге қайтару мүмкіндігі бар болған. Дегенмен ғалымдар Шолпан ғаламшарына қатысты соңғы ақпаратты алуды ұйғарған. «Венера-экспресс» қазір белгісіз бағытпен Шолпанды айналып жүр. Ол көп өтпей Шолпан атмосферасы қабаттарымен төмендеп, жанып кететін болады.

Агенттіктің астрофизиктері ағымдағы жылдың тамыз айында қозғалтқышты бірнеше рет қайта қосу арқылы аппаратты жаңа орбитаға, яғни жаңа айналу осіне түсіре алған. Осы әрекеттің арқасында Жерге көрші ғаламшар атмосферасының жоғарғы қабаттары туралы ақпарат алынған.

Еуропа Ғарыш Агенттігі осындай шешімге «Венеры-экспресс» аппаратымен байланыс үзілгеннен кейін келіп отыр. Бұл Шолпан зондының байланысқа түсе алатын қуаты таусылғанын білдіреді.

Енді ғарыш аппаратының тағдыры толығымен Шолпан атмосферасына байланысты болады. Ғалымдардың есебі бойынша, жасанды серік алдағы бірнеше аптада ауада жанып кетеді.

Сурет: naked-science.ru

Ж. Өрісбай