Ай Жерді толық айналмайды
Қазіргі таңда ғылыми негізі бар "Жер-Ай" астрономиялық теориясына сүйенсек, Айдың Жер орбитасын айналатын осі бар. Демек, ол өз осі бойымен де айналады. Ал теориялық ғылымға сенсек, Айдың бір жағы бізге қараңғы. Біз ешқашан Айдың қараңғы жағын көрген емеспіз. Бұл Айдың өз осі бойымен айналмайтынын дәлелдейді. Демек Ай Жерді де толық айналмайды.
Қазіргі таңда барлық оқулықтар мен ғылыми зерттеу жұмыстары бұл теорияны жоққа шығарып отыр. Дегенмен парадокстың екінші шешімі де бар екенін ғалымдар жақсы біледі. Ай Күнді Жермен бірге айналады. Ал Күн мен Жердің тартылыс күші Айды ортақ кеңістікте ұстап тұр.
Ғылыми парадокстың шешімін өзге де теориялық негіздерге сүйеніп талдап көрейік. Мысалы, Жер Күнді 365, ал кейде 366 күнде (4 жылда) бір рет айналып шығады. Ал Жер өз осін 23 сағат 56 минут 4 секундта айналып шығады. Бұл бізде бір тәулік болып есептеледі. Ендеше, адам баласының уақыт санау бірлігі бойынша, бір жылда Ай Жерді неше рет айналады? Расында, бүгінгі күнге дейін ешбір ғалым өз еңбектерінде мұндай дерек келтірмеген. Себебі Ай біздің ғаламшарды бір рет болса да толық айналмаған. Сәйкесінше оның айналу осіне кететін уақыты да белгісіз.
Айдың айналу траекториясы мынадай:
Бұл ғылыми гипотезаны ХІХ ғасырда белгілі француз ғалымы Август де Морган ұсынады. Морган өзінің "Парадокс ілімі" атты еңбегінде теориялық ғылымдағы Айдың Жер орбитасындағы айналу осіне қатысты қарсы пікірін түсіндіреді. Ал ағылшын ғалымы Генри Перигэл Айдың Жер бойымен айналу осі туралы ғылыми теорияны жоққа шығару үшін бар ғұмырын жұмсаған.
Қазіргі таңда көптеген ғалымдар бұл мәселенің шындыққа жанасатынын білсе де, қоғамдағы жалпыға бірдей пікірді өзгертуге тырыспайды. Себебі ғарышты игеру үдерісі ілгері дамып, Ай мәселесі өз маңыздылығын жоғалтқан.
Айды зерттеу үдерісі 1959 жылы басталды. Кеңес үкіметінің «Луна-2» аппараты Айға сәтті қонады. Ал «Луна-3» Айдың бізге көрінбейтін бөлігінің суретін жібереді. Америкалық ғарышкерлер Нейл Армстронг пен Эдвин Олдрин – Айға қадам басқан алғашқы адамдар. Расында бұл тарихи дерек кейбір елдердің ғылыми қоғамын сендіре алмаған. Сондықтан бұл да бүгінгі таңдағы ғылымның шешілмеген парадоксына айналған. Дегенмен, олардың есімдері тарих беттерінде жазылды.
Ж. Өрісбай