Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ай бетіндегі дақ қалай пайда болды?

Ай бетіндегі дақ қалай пайда болды?

Ай бетіндегі дақ қалай пайда болды?

АҚШ-тағы аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық орталығы (NASA) ай бетіндегі дақтың пайда болуы туралы қызықты бейнебаян жариялады. Анимация LRO зондының (Lunar Reconnaissance Orbiter) 1000 күндігіне орай жасалыпты.

"Айдың беті дәл қазір өзгеріске ұшырап жатпаса да, осыдан миллиардтаған жыл бұрын түнгі "жұлдыздың" барлық ауданында түрлі процестер болды. Ай бетінен бақылап жүрген кратерлер мен цирктардың пайда болуы ертеректегі оқиғалармен байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. LRO зонды арқылы біз осы процестерді көз алдымызға айқынырақ елестетіп отырмыз", - депті NASA-лықтар.

Анимацияда 4,5 миллиард жыл уақыттың ішіндегі ай бетіндегі өзгерістер бейнеленген. Кратерлердің пайда болуына әкеліп соққан астероидтардың жауыны барынша көркем түрде көрсетіліпті.

Lunar Reconnaissance Orbiter - айды зерттеу мақсатында 20 ғасырдың 70 жылдары жіберілген ғарыш аппараты. 2009 жылдың 18 маусымында жұмысына кіріскен ол ай орбитасында сол жылдың 23 маусымынан бері жүр. Аппараттың басты мақсаты - ай бетінен су түзілістерін табу және болашақта ғарышкерлердің қонуы үшін қолайлы аймақты анықтау. 

NASA - 1958 жылдың 29 шілдесінде құрылған ұлттық орталық. Кеңес одағы ғарышқа алғаш жасанды жер серігін ұшырған соң, АҚШ ғарыш саласына көп ден қоя бастаған еді. Осылайша жаңа зерттеу орталығы құрылып, бірден іске кірісіп кетті. Айта кетелік, жер бетіндегі барлық ғарыш агенттіктерінің ішіндегі ең көлемді орталық NASA болып табылады. Агенттік құрылғалы бері, барлық шығындарға 810,5 млрд доллар жұмсалған. 2005 жылы зерттеу орталығының бюджеті 16,2 млрд. долларды құраса, 2006 жылы 17,4 млрд. болыпты. Агенттіктің қазіргі басшысы - Чарльз Болден.

сурет: outwritenewsmag.org

Қосылған күні: 26 сәуір 2012, 11:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.