Ғылыми тұрғыда: махаббат

Ғылыми тұрғыда: махаббат
Фото: bbc.com

Біріншіден, сізге ұнайтын адам жолыққан сәтте, миыңызда күрделі химиялық реакция жүріп, нәтижесінде фенилэтиламин гормоны бөлінеді. Бұл гормон қызығушылық гормоны деп аталады. Уақыт өте адамдардың арасындағы қарым-қатынас өрбіген сәтте, қанға ең күшті гормондардың бірі дофамин бөлінеді. Бұны біз ғашықтық кезеңі деп атаймыз. Ішіміздегі ол адамды көруге деген ынтызарлық немесе ол адаммен сөйлескенде туатын ерекше сезімдердің барлығын осы гормон басқарады.

Дофамин гормоны қуат береді және тәуекелге бел бууға итермелейді. Оның күші есірткімен бірдей: тәуелділік тудырады. Адамның қарым-қатынасы өрбіген сайын дофаминнің жаңа дозалар керек болады. Ал, жауапсыз махаббат кезінде гормонның жетіспеушілігі туындайды. Сол себептен, ағзада күрделі өзгерістер орын алып, күйзеліске ұшырайды.

Қолыңыздан ұстаған кезде, өзге де физикалық жақындық кезінде окситоцин гормоны бөлінеді. Бұл гормон эндорфин гормонының бөлінуіне жол ашады. Эндорфин жүйке жүйесін тыныштандырып, адамға жайлылық сыйлайды. Сондықтан, эндорфин бақыт гормоны деп та аталады.

Неге ғашықтар бірін-брі көруге асық болады? Өйткені, ағзада бұл гормонның кезекті мөлшері азайып, ағза гормон тапшылығына ұшырайды.

Тағы да қызықты мәліметтерге қанық болғыңыз келсе, біздің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшамызға қосылыңыз.

Т. Есқали