Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Шашбау қыздың абыройын шашпау үшін тағылады

Шашбау қыздың абыройын шашпау үшін тағылады

Шашбау қыздың абыройын шашпау үшін тағылады

Қазақ халқының әрбір ырымына, тиымына, салт-дәстүріне байыптап қарасаңыз, кішкентай ғана дүниенің арғы жағында үлкен мағына жатқанын байқаған боларсыз?! Қазақтың ұл-қызды тәрбиелеудегі даналығы мен мәдениетіне осы бір айғақтар дәлел болып тұр. Кезінде нәзік жандының барлығы дерлік қолаң шашқа сән беріп оюланған шашбау, күмістелген шолпы таққан. Ал, қазіргі уақытта шашбау тұрмақ, шашы ұзын қызды сирек кездестіреміз.

Қазақ халқы тұрмысқа шықпаған қызына міндетті түрде атаулы әшекейлерді тақтырды. Бұл әшекейлер сол заманғы қыз атаулының символы іспетті. Сонымен, шаштың әдемілігін арттырған бұл бұйымдарды тағудағы түпкі мағына қандай?

Шолпы шаштың ұшына, шашбау бұрымның түбіне ілініп шашпен бірге өріледі. Осылайша, шаш салмағы ауырланып, ерте күнінен осы әшекейлерді таққан қыз арқасын түзу ұстап, сәнді жүре алады. Сонымен қатар, шолпы салмағының арқасында шаш та ұзын болып өсіп, ауыр салмақтың әсерінен күнделікті бас ауруы деген түсінік болмаған. Қоңыраулы шолпы тағу арқылы қыздың артық оғаш қимыл жасамауына мән берген. Әшекейдің сыңғырлап дауысының естілі бастағаны, яғни үйге қыз бала кіріп келе жатқаны деп үлкендер реттеліп, жинақталып отырған. Шашбаудың дыбысы жиі, қатты шықса ұшқалақ, сумаң қылықты қыз болғаны, ал ақырын ғана естілген шашбаулы қыздың мінезі өте сабырлы, биязы, нәзік екенін аңғартқан.

4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: mail.kz
Қосылған күні: 27 қаңтар 2018, 13:46

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.