Карантин кезінде уақытты құр өткізбеудің бір жолы – тіл үйрену. Ол үшін пайдалы бағдарламаларды смартфонға жүктеп алып немесе сайттардан сабақтарды қарауға болады. Дәрістерді тыңдап, тапсырмаларды орындаудың пайдасы зор. Олай болса тіл үйренуге көп көмегін тигізетін сайттар тізімін ұсынамыз.
Ойын формасында қашықтан оқуға бағытталған тамаша платформа. Cмартфонға қосымшасын жүктеп алуға да болады. Испан, неміс, француз, ағылшын және басқа да тілдерді үйренуге мүмкіндік береді. Түрлі жаттығуларды орындап, білім деңгейді жоғарылата түсесің. Жаттығулар ойын түрінде жасалған. Әртүрлі деңгейлерден өтуге бағытталған. Сайт күн сайын нәтижең мен ілгерілеген көрсеткішіңді бағалап отырады.
Видео арқылы қашықтан оқуға мүмкіндік беретін сайт. Тапсырмалар деңгей бойынша шынайы видеолар арқылы беріледі. Олар видеоклип, фильмдердің трейлері, жаңалықтар және т.б.
Сайтты қолданушыларға испан, француз, солтүстік қытай (мандарин), неміс, жапон және ағылшын тілдерін үйрену ұсынылады. Екі апта (14 күн) тегін оқу ұсынылады. Ары қарай ақылы болады. Егер ұнап жатса, пайдалы болса, неге жалғастырмасқа?
Бұл сайт тілді жаңа үйрене бастағандарға ғана емес, белгілі бір деңгейден ары қарай жалғастырушылар үшін де пайдалы. Ағылшын, неміс, француз, испан, итальян, португал, поляк, швед, норвег және дат тілдерін үйрену мүмкіндігі ұсынылған.
Оқу үшін тіркелу қажет. Аздаған сұрақ-жауап кезеңінен өтіп, тілді үйренудегі мақсат пен күніне қанша уақыт арнайтының жайлы мәлімет сұрайды.
Жаңа тіл үйренуді енді бастағандар үшін таптырмас алаң. Мұнда 40-қа жуық тілді меңгеру мүмкіндігі бар. Әр тілдің лексика, грамматика және фонетика бойынша базасы жинақталған. Сондай-ақ қосымша мемлекеттер жайлы пайдалы ақпараттармен де қаныға аласыз.
Тіл қарым-қатынас арқылы дамиды. Ал бұл сайт өзгелермен байланысу үшін таптырмас құрал. Өзіңе жақын маңнан немесе өзге елдегі тіл білетін жанмен араласуға мүмкіндік береді. Әңгімелесетін адамды да өзің таңдайсың. Хат жазысып, дауысты хабарлама жіберуге болады. Сондай-ақ Skype, Windows Live Messenger, Google Talk бағдарламаларын қолдануға болады.
Бұл – аудиоқосымша сайты. Диктор айтқан сөзді қайталайсыз. Ал бағдарлама оны тексереді. Осылайша қатесіз сөйлеуді үйреніп шығуға болады. Ағылшын, француз, итальян, неміс және португал тілдері қолжетімді.
Аndroid жүйесінде жұмыс жасайтын смартфоны бар қолданушылар үшін аса пайдалы бағдарлама. Сондай-ақ сайты да бар. Ағылшын, француз, испан, португал,қытай, түрік және поляк тілдерімен қоса барлығы 12 тіл бар. Бағдарлама оқу жоспарын құрып та береді. Әсіресе оқушылар өте пайдалы.
Сіздің тыңдау қабілетіңізді арттырауға көмектеседі. Түрлі тақырыптарда, мысалы: спорт, саяхат, ойын т.б. Әлемнің әр түкпірінен келгендермен сөйлесе аласыз, жүктеп алуға да мүмкіндігіңіз бар.
Өзге тілді үйренуге пайдалы сайттар санатына қосуға болады. Қызықты форумдары мен блоктары бар.
Бұл – ағылшын тілінде қатесіз жазуды үйрететін және ағылшын грамматикасын терең түсінуге таптырмайтын сайт. Себебі қателікті көзге шұқып көрсетіп береді. Оның дұрыс нұсқасын ұсынады. Сонымен қатар жазғаныңызға қарай ағылшын тілінде жазу қабілетіңіз қандай деңгейде екенін көрсетеді.
Берлиц тәсілімен тіл үйрену
Ағылшын тілін үйренуге 10 себеп
Шет тілін үйрену барысында жіберетін қателіктер