- Негізгі бет
- Жаднама
- Өмірден ләззат алу...
Өмірден ләззат алу үшін бай адамның баласы болу міндетті емес
Әлемдегі ең бай адамдар тізімінің басында тұрған Билл Гейтсті танымайтын адам жоқ деуге болады. Ал оны осы жағдайға жеткізген не? Гейтсті түсіну үшін ол сияқты ойлай білу керек. Тым құрығанда, оның ұсынған кітаптарын оқу қажет.
«Жұмысқа тыпырлап билеп бару» («Tap dancing to work») Кэрол Лумис. Гейтс – Баффеттің досы, Баффет – Кэрол Лумистің («Fortune» журналының бас редакторы) досы. Бұл екеуі де керемет бизнес-кітап жазып шықты. Баффеттің кеңестері мен даналық ойлары қаржылық журналист Лумиске шабыт сыйлады.
Гейтс: «Бұл кітап қолға алған оқырманға кемінде екі пайда әкеледі: біріншіден, Уоррен қаражат жұмсау қағидалары мен болжамдарын аса мұқият сипаттаған, осыны өзі қолданған; екіншіден, оның бизнес жөніндегі түсінігі мен сараптамасы қазіргі қаржы нарығында шашасына шаң жуытпайды, теңдесі жоқ».
«Тағдырыңа өзің жауаптысың» («Life is what you make it»), Питер Баффет. Кітапты Уоррен Баффеттің ұлы жазған. Баласы әкесінің ізін қумады, жетекші инвестор әрі қаржыгер өмірі оны аса қызықтырмады. Кіші Баффет мансап жолын музыкант болып бастады, MTV арнасымен бірлесіп жұмыс істеді. Бірнеше мәрте музыкалық марапатқа ие болды. Қайырымдылық іс-шараларына белсенді түрде қол ұшын созып тұрды. Композитор ретінде бірнеше белес бағындырды. Шығармашылық өміріндегі үзілістерде кітап жазып үлгерді. Онда жүрек пен ақыл шақырған дауысқа құлақ түру, өзгелердің пікірін елемеу жөніде жазылған. Билл Гейтс бұл кітапты өзінің ересек балаларының міндетті түрде оқитынын мәлімдеді.
«Өтіп жатқан уақытты тиімді өткізіп, өмірден ләззат алу үшін бай адамның баласы болу мнідетті емес».
«Бизнес шытырманы» («Business Adventures») Джон Брукс. Өз ісі шеберлерінің не себепті жолы болғыш екенін және сәтсіздіктерге қалай төзетінін ойланған адам жетістікке тез жетеді. Бұл кітап өзгенің қателігінен сабақ алуға көмектеседі. Өзге деп отырғанымыз – «The New Yorker» басылымының жетекші журналисі, редакторы Джон Брукс. «Бизнес шытырманы» – тілі жеңіл кітап.
«Бұл кітапты маған Уоррен Баффет оқуға ұсынды. «Нью-Йоркер» газетіндегі мақалалар жинақталып басылған туындыда бір көргенде бизнес жөнінде біраз нәрсе қамтылмағандай болады. Заманауи бизнесте көп нәрсе өзгерді, бірақ негізі сақталған», – деді Гейтс.
@. @assel_assanova