Билл Гейтс оқуға ұсынған кітаптар

Билл Гейтс оқуға ұсынған кітаптар
Фото: womo.com.ua

Әлемдегі ең бай адамдар тізімінің басында тұрған Билл Гейтсті танымайтын адам жоқ деуге болады. Ал оны осы жағдайға жеткізген не? Гейтсті түсіну үшін ол сияқты ойлай білу керек. Тым құрығанда, оның ұсынған кітаптарын оқу қажет.

БАСЫ

«Жақсы идеялар қайдан алынады» («Where good ideas come from») Стивен Джонсон. Туынды авторы, америкалық жазушы және журналист Стивен Джонсон тың идея тууы үшін бар мүмкіндігіңді толық пайдаланатын қолайлы жер мен қоректік орта қажет дейді. Ал ол жағдайды қалай жасау қажеттігі осы кітапта жазылған. Өз тәжірибесінен ұсынатын кеңестері иллюстрациялы (бейнелі) мысалдармен келтірілген.

«Бұл кітап, әсіресе, білім беру аумағында қызмет ететін шығармашылық кәсіп иесіне пайдалы». Гейтс.

«Ай астында Эйнштейнмен серуен: өнер мен ғылым бәрін есте ұстайды» «Moonwalking with Einstein: The Art and Science of Remembering Everything.» Джошуа Фоер. Есте сақтау қабілетіңіздің құрылымы елеуіш секілді болса, белгілі биіктікке жетуіңіз екіталай. Түсініксіз, бірақ пайдалы факттер, есімдер, күндер мен сандар есте ұзақ сақталуына осы кітап көмектеседі. Автор психотерапевт, невролог мамандардың бай тәжірибесі мен озық зерттеулеріне сүйеніп, құнды кеңестермен бөліседі.

«Мен де өзге кісілер секілді ақылымыз бен есіміз қалай жұмыс істейтініне таңдандым. Бұл кітаптың кей көркем тұстары қарапайым да жеңіл тілмен берілген. Адам ағзасындағы шешілмеген түйіндердің жауабын түсіндіруге тырысқан».

 «Дэн Сяопин және Қытай өзгерісі» («Deng Xiaoping and the Transformation of China») Эзра Ф. Фогель. Кітап Қытай саясатының реформасы және Қытай Коммунистік партиясы қайраткері, реформаторы өмірі жөнінде жазылған. Зерттеушілер мен тарихшылар Қытайды жоқшылықтан құтқарған, мемлекетті экономикалық үстем елге айналдырған Дэн екенін айтады.

«Дэн Сяопин енгізген экономикалық реформа арқасында, миллиондаған адамның өмір сүру деңгейі жақсырды. Қытай денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру жүйесін, әр саласын инновациялық технологияға бейімдеп, біршама жақсартып алды».

«Әлемдегі ең мықты идея» «The Most Powerful Idea in the World» Уильям Розен. Кітапта өндірістік төңкеріс кезеңі, темір жолдар, бу қозғалтқышы және осы өндіріс салаларында жұмыс істейтін жандар жөнінде сөз болады.

«Өндірістік саланың даму тарихы шынайы өмірде болған адамдар бастан өткізген оқиғалармен үндеседі. Кішкентай адам құмнан тау тұрғыза алатынын дәлелдейді» Б.Гейтс.

@. @assel_assanova