Америкалық инвестор Грекияда арал сатып алды

Америкалық инвестор Грекияда арал сатып алды
Фото: biz-anatomy.ru

Америкалық инвестор Уоррен Баффет Грекияда Қасиетті Фома аралын сатып алды, деп хабарлады  Proto Thema грек басылымы. Бұл туралы inform.kz жазды.

Оның аралды сатып алудағы серіктесі - итальяндық миллиардер Алессандро Прото.

Аумағы 1,2 шаршы шақырымды құрайтын аралды олар 15 миллион еуроға сатып алған. Баффет пен Прото мұнда көптеген үй салуға қаржы құюды жоспарлап отыр.

Уоррен Баффеттің дәулеті шамамен 70 миллиард долларға бағаланып отыр. Forbes-тың соңғы рейтингі бойынша бизнесмен капитал көлемі жағынан әлемде төртінші орында.  

Н. Айдархан