- Негізгі бет
- Жаднама
- Кез келген ілімді...
Кез келген ілімді жеңіл игеру үшін
Ми қағидасы. Миыңыз ақпаратты синусоид жүйесі бойынша қабылдайтынын естен шығармаңыз. Қарқынды дайындықтан кейін шаршау кезеңі орын алады. Өзіңізге демалыс беруді ұмытпаңыз, сонда үйрену де тез әрі сапалы жүреді.
LEGO тәсілі. Адам алдында қандай сынақ тұрғанын білер болса, барлығына да төзіп, сүрінбей өте алады. Басқаша айтқанда, кез келген кісі нақты нені жаттауы керек екенін білсе, оны міндетті түрде меңгеріп шығады. Алға қойған мақсатыңызды не орындалуы тиіс тапсырманы LEGO түрінде бөліктерге бөліңіз де, бөлек-бөлек қойыңыз. Мысалы ағылшын тілін үйренуді мақсат тұтсаңыз, оны грамматиканы, лексиканы меңгеру, сөздік жаттау деген секілді бөліктерге жіктеңіз, осыларды әртүрлі жағдайға ыңғайлап жоспарлаңыз.
Ақпараттар тізімі. Кез келген сабақ үдерісінде туатын мәселе – «ақпараттық ашқарақтық». Пән туралы мейлінше көп ақпарат алып қалуға тырысамыз да, нәтижесінде боршығып, ентігіп қаламыз. Мәліметтер тізімін қысқартып, ақпарат көзі тізбегін азайтып, жаңа мағлұматтарды жүйелі ойластырылған рет бойынша іздеңіз.
Өзіңізге кешірім. Барлық күрделі, қиын, түсініксіз, қарама-қайшы механизмді қабылдай беретіндей сіз машина емессіз. Өз олқылықтарыңыз бен осал тұстарыңызға түсіністікпен қарап, мүмкін болатын сәтсіздіктерге, жеңілістерге дайын болыңыз.
Ұқсап бағыңыз. Сіз секілді ілімдерді игеріп жүрген кісілерге зер салып, оның жолындағы тәжірибелерін қолданыңыз. Біреуге елігу арқылы өзіңіз ойламаған кедергілерді де жарып өтуге мүмкіндік бар. Білмегеніңізді білетіндерден сұраудан қысылмаңыз. Жапон халқы айтпақшы білмегеніңді сұрасаң, бес минут ұяласың, ал сұрамасаң, өмір бойы ұялып өтесің.
Алынбайтын қамал жоқ. Іске сәт!
@. @assel_assanova