Чехияда Lego конструкторынан әлемдегі ең биік мұнара салынды

Чехияда Lego конструкторынан әлемдегі ең биік мұнара салынды

Чехия астанасы Прага қаласында Lego конструкторларынан биіктігі 32,5 метрлік мұнара салынды. Бұл көрсеткіш арқылы ол конструкторлар ғимараты арасындағы әлемдегі ең биігі атанды. Бұл туралы Lego Group компаниясының жергілікті өкілдігі хабарлап отыр. 

44

Ғимарат құрылысын салу барысын бірнеше жүздеген адам тамашалады. Ал балаларға ойын бағдарламалары ұйымдастырылды. Мұнара басындағы ең соңғы кубикті Чехия атынан ескек есуден Олимпиада ойындарында топ жарған қыз Мирослава Кнапкова қойды. Бұл ғимарат биіктігі осыған дейін Ұлыбританияда салынған дәл осындай мұнарадан 30 сантиметрге биік екен.  

7

3

Lego Group - балалар санасын дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар (конструкторлар) шығаратын әлемдегі ең атақты компания. Lego конструкторларының дені бір-бірімен жалғануға арналған пластмассадан жасалған блоктардан тұрады. Lego (Leg Godt) сөзі "жақсы ойнап үйрен" деген мағынаны білдірсе керек. Компанияның бас офисі Даниядағы Ютландия түбегінде орналасқан. Қызық жағдай, дәл осы жерде толықтай Lego конструкторларынан салынған Леголенд (Legoland) қаласы орналасқан екен. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: www.epochtimes.com                                                                                                                                                                       
Б. Қосмағамбет