Келер аптаның 7 ісі

Келер аптаның 7 ісі

Сәлем, достар! "Келер аптаның 7 ісі" атты Массагеткз-тің дәстүрлі жаднамасын сағынып қалған шығарсыздар. Біздің де осы кеңестерді сіздерге жеткізуге асық болып отырған жайымыз бар. Ендеше, тосылмайық.

1. Шілденің қақ ортасына жүйткіп жетіппіз. Жазбен бірге жадырап, демалып жатқан жамағатты кинотеатрларда мынадай фильмдер күтіп тұр. Жаныңызға жақын жанмен бірге келесі аптада жаңа кинолардың алғашқы көрермені болуға асығыңыз.

2. Жазда кезекті демалыс алып, жер-жерге саяхаттамақ болсаңыз, Массагеткз сіздің қауіпсіздігіңіз үшін бірнеше кеңес ұсынады. Түрлі аурулар мен жайсыздықтардан аман болып, саяхатқа сәтті барып-қайтыңыз!

3. Қазір жеміс-жидек пен көкөністің мезгілі. Жеміс-жидектің пайдасы орасан. Жаз бойы қорегіңіз табиғаттың төл өнімдері болсын. Дегенмен, түрлі аурулардан алшақ болу үшін оларды жуып жегеніңіз жөн. Бетіңізге табиғи өнімдерден маска жасай жүруді де ұмытпаңыз. 

4. Жуырда "Қазақстандықтардың қанша пайызы кітап оқиды?" деген сұраққа жауап іздемек болған топ сауалнама жүргізді. Нәтижесінде әрбір төртінші Қазақстандық кітап оқымайтын болып шықты. Сауалнама шартты нәрсе десек те, "жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны" ақиқат. Осы орайда Массагеткз мың кітаптың ішінен таңдап, талғап ең үздік деген кітаптар тізімін ұсынады. Кітаптай қазынадан ажырамай, келесі аптада өз-өзіңізді рухани байытуды жалғастырыңыз.

5. Бесінші кеңесімізді оқу орнын таңдаумен жүрген талапкерлерімізге арнаймыз. "Бақ шаба ма, бап шаба ма" деп тағы бір бәйгенің алдында тұрған талапкерлердің оқу орындарын жаңылыспай таңдауларына тілектеспіз. Осы орайда порталымыздың "Білім" айдары білім ордалары туралы кеңінен мағлұмат береді. 

6. Егер жазда да жұмыста болсаңыз, қам жемеңіз! Кеңседе отырып та, сергуге әбден болады. Көңіл-күйді көтеру өз қолыңызда.

7. Ауа-райына қарасақ, келесі аптада да еліміздің біраз өңірінде күн ыстық болатын түрі бар. Салқын сусындардан бұрын, шөліңізді айран жақсы қандырады екен. Сондықтан, өзіңізбен бірге айран ала жүргеніңіз жөн.

Жаздай жайнап, күндей күліп жүрейік!

Жаздың жеті кеңесін ұсынған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: mail.ru

Р. Роза