Демалыс күндерге арналған жұлдыз жорамал

Демалыс күндерге арналған жұлдыз жорамал
Фото: pixabay.com

21 және 22 қаңтарда жұлдыз белгілері қалай дұрыс демалуы керек? Демалыс күндерге арналған жұлдыз жорамалды оқыңыз.

Тоқты

Тоқтыларға осы демалыста көңіл күйін көтеруге және күйзелістен арылуға спорт көмектеседі. Бұл күндерді кез келген физикалық белсенділікке арнаңыз.

Торпақ

Торпақтарға бұл демалыс күндерді зияткерлік қабілетін дамытуға арнау ұсынылады. Мысалы, достарыңызбен үстел ойындарын ойнауға болады.

Егіздер

Егіздер үшін көптен күткен демалыс - шағын саяхатқа шығуға бір мүмкіндік. Екі күндік саяхат сізге жағымды әсер сыйлайды, сондықтан осы күндерді пайдаланып, бір жерге барып қайтуға тырысыңыз. Мысалы, көлікпен қалаға жақын ауылдық жерге барыңыз немесе таудан үй жалдап, тыныш жерде демалып келіңіз.

Шаян

Алдағы жұмыс аптасына сергек шығу үшін Шаяндарға осы демалыс күндері толықтай тыныштық керек. Демалыс күндері үйде отбасыңыздың қасында болыңыз.

Арыстан

Ескі достарыңызбен кездесу – осы демалыс күндердегі Арыстандардың нашар көңіл күйін көтеретін ең жақсы әдіс. Көптен бері көрмеген таныстарыңызға өзіңіз хабарласып, серуендеуге немесе кафеге шақырыңыз.

Бикеш

Бикештерге демалыс күндерді барынша белсенді өткізу ұсынылады. Дүкен аралаңыз, театр немесе концертке барыңыз, тауға шығыңыз, бастысы, үйде отырмаңыз.

Таразы

Таразылар сенбі және жексенбіде жұмыс күндері жиналып қалған кернеуді тастап, физикалық күшін қалпына келтіруі керек. Ол үшін массажға немесе жүзуге барған дұрыс.

Сарышаян

Сарышаяндар бұл демалыс күндерді қыдыруға арнауына болады. Кештерге барыңыз, көңіл көтеріңіз.

Мерген

Мергендерге кез келген демалыс түрі келе береді. Бастысы, үйден шығыңыз. Әйтпесе, бітпейтін үй шаруаларымен айналысып кетесіз де, өзіңізді мүлдем демалмағандай сезінесіз.

Тауешкі

Көңіл күйіңізді көтеру үшін күлкілі спектакльге барыңыз немесе әзіл-ысқақ шоулар қараңыз. Отбасыңызбен бірге комедия қарауға да болады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштарға, керісінше, ешқайда шықпай, үйді тәртіпке келтіру ұсынылады. Мысалы, гардеробты реттеңіз, қажет емес заттардан арылыңыз.

Балықтар

Бұл демалыс күндер кез келген белсенділікке қолайлы. Бірақ Балықтарға демалыс күндері қымбат нәрсе сатып алмау ұсынылады. Әйтпесе, ол аса қажет емес зат болып шығуы немесе өзін ақтамауы мүмкін.

А. Жапатова