Жұлдыз жорамал: 07.12.2015-13.12.2015

Жұлдыз жорамал: 07.12.2015-13.12.2015
Фото: rudaki.ru

Өткен өміріңіз бен болашағыңыз өз қолыңызда болмаса да, бүгінгі күніңіздің қалай өтетіндігі тек өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз. 

 

Тоқты 

Осы аптада білімге деген құштарлығыңыз арта түседі. Бұл оқушылар мен студенттер үшін өте маңызды. Мұнымен қатар, мамандығыңызға қатысты кітаптар оқып, шет тілдерін меңгеруіңізге болады. Көп нәрсе үйретіп, биік белестерге жетелейтін адаммен танысасыз. Ал аптаның екінші бөлігінде сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспай, қатты қиналасыз. Қандай шешім қабылдасаңыз да, оны өзгелермен ақылдаса отырып қабылдағаныңыз жөн.  

Торпақ

Жұлдыздар нар тәуекелге барудан қорықпауға кеңес береді. Дәл қазір кез келген ситуациядан судан таза сүттен ақ болып шығасыз. Ал аптаның екінші бөлігінде сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз нығая түседі. Бір-бірлеріңізді сөзсіз түсінетін боласыздар. Той томалаққа барып, шақырған жерден қалмаңыз. Ал ғашық жандарға алдағы демалыста той күнін белгілеуге жұлдыздар кеңес береді. Аптаның соңына қарай қызметте қиындықтар туындайды. Физикалық жаттығулар жасап, бойды сергітіп тұруды ұмытпаңыз.

Егіздер

Қызмет мәселесінде жолыңыз болса да, сүйіктіңізбен арада қиындықтар туындайды. Дәл қазір некелеріңізді заңдастыратын уақыт. Отбасылық өмір сізге бар қуанышын сыйлайды. Егер сүйіктіңіздің көзіне шөп салып жүрген болсаңыз, осы аптада сүйіктіңізді қадірлей бастайсыз. Ал өміріңіздің қалған бөлігінде барлығы ретке келеді.

Шаян

Жұлдыздар жеке өміріңізге көбірек көңіл бөлуге кеңес береді. Қолыңыз бос болса, компьютердің немесе теледидардың алдында отыра берудің қажеті жоқ. Көңіл көтеретін отырыстар мен концерттерге барыңыз. Себебі барған жерлеріңізде өмірлік жарыңызды жолықтыруыңыз мүмкін. Өкінішке орай, ата-анаңызбен ренжісесіз. Олардың ғұмырлары ұзақ емес екенін және қолында барының барлығын сізге бергенін ұмытпаңыз.

Арыстан

Отбасылық өмірдің қаншалықты маңызды екенін сезінесіз. Балалармен тіл табысып, олардың өмірдің мәні екенін түсінесіз. Олар өз кезегінде сізді өнердегі жеңісімен қуантады. Сізді түрлі өнер саласы қызықтыруы мүмкін. Демалыс күндері ешқайда бармауға тырысыңыз. Өйткені барған жерлеріңізде өзіңізге кері әсерін тигізетін адамдарды жолықтырасыз.

Бикеш

Туысқандарыңызды үйге шақырып, өзіңіз де олардың үйіне қуана-қуана қонаққа баратын боласыз. Көп мәселеңізді туысқандарыңыздың көмегімен шешесіз. Ал аптаның екінші бөлігінде жаңа адамдармен танысасыз. Бұдан өзге базардан алған заттарыңыз өзіңізге көпке дейін қызмет етеді.

Таразы

Бұл аптада көп мәселенің басын ашып алуыңызға тура келеді. Таныстарыңыз көп істе жетістікке жетуге көмектеседі. Алдыңызға келіп тұрған мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз.

Сарышаян

Материалдық құндылықтарға байланысты қиындықтарыңыздың барлығы реттеледі. Киім-кешек пен зергерлік бұйымдар сатып алып өзіңізді қуантыңыз. Егер қазіргі жасап жүрген қызметіңіз ұнамаса, жаңасына ауысқаныңыз жөн. Жұмысты оңай табасыз. Аптаның соңына қарай түбегейлі өзгеруге шешім қабылдайсыз. Сұлулық салоны артық болмайды.

Мерген

Еркіндіктің арқасында дұрыс шешім қабылдайсыз. Дәл қазір өмірлік жарыңызды іздеп, спортпен айналысатын уақыт. Рухани құндылықтарыңызға көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз.

Тауешкі

Аптаның көп бөлігінде жалғыз қаласыз. Бұл назарыңызды маңызды істерге бағыттауға көмектеседі. Өзіңізді дамыту мәселесімен айналысып, кітап оқыңыз. Жан рахатын сезінуге тырысыңыз. Жұлдыздар жұмысты шетке ысырып, жақын адамдарыңызға назар аударуға кеңес береді.

Суқұйғыш

Бұл аптада достарыңызбен жолығып, олармен соңғы жаңалықтармен бөліскіңіз келеді. Дәл қазір өміріңізде түбегейлі өзгерістер болып жатқандай сезілуі мүмкін. Болашаққа қатысты жоспарлар құрып, жобалар ойластырыңыз. Аптаның алғашқы бөлігінде құрған жоспарларыңыз болашақта міндетті түрде жүзеге асады. Беделді азаматтармен көбірек араласуға тырысыңыз. Олардан сабақ алыңыз. Әсіресе табысты әйел адамдармен. Ал жұмыссыз жүрген суқұйғыштар жұмыс табуы мүмкін. Бірақ бұл күндері мүлдем саяхаттамауға тырысқаныңыз жөн.

Балықтар

Кез келген салада табысқа жетесіз. Бастысы өз пікіріңізді соңына дейін қорғай біліңіз. Осы әрекетіңіз арқылы қоғамдағы рөліңіз арта түседі. Әлеуметтік желідегі достарыңыз көп көмегін тигізеді. Бірақ жұлдыздар қаржыға байланысты мәселелерді кейінге қалдыруға кеңес береді. 

Күндеріңіз сәтті өтсін!

Қ. Бүйенбай