Ұйықтар алдында не жеген дұрыс?

Ұйықтар алдында не жеген дұрыс?
Фото: gazetagreencity.ru

Ауыр жұмыс күнінен, шаруа мен көп сөйлегеннен кейін бізге көп жағдайда тынышталу және ұйықтау қиын болады. Әрі аунап, бері аунап, оятқышқа дейін сағатты санап отырып, мазамыз кетеді. Осы мәселені қалай шешуге болатынын білмей отырсыз ба? Ұйықтар алдында шамалы жүрек жалғап көріңіз! «Жүрек жалғап дейсіз бе?!» — деп таң қалатын шығарсыз. «Сағат алтыдан кейін тамақ ішуге болмайды» дегені қайда? Ұйқы жоқтығынан болатын күйзеліс ағзаға өте зиян, оған қоса артық салмақ қосуға да әкелуі мүмкін. Ал кейбір азықтар бізге тынышталып, босаңсуға көмектесе алады.

Балаларға да ұйықтар алдында жүрек жалғап алған артық болмайды – денесінің өсуі олардан көп күш пен энергияны қажетсінеді, сондықтан оларға таңғы асты күту ұзақ болып кетеді. 

Ендеше, ұйықтар алдында не жеуге болады?

- Жарты банан және шикі бадамның бір уысы.

- Алма тілімдері бар жер жаңғақ пастасы.

- Бір тілім бидай нанындағы чеддер ірімшігі.

- Асқабақ дәнегі.

- Балғын жидектері бар майсыздандырылған йогурт.

- Туралған қияры бар хумустың бір шай қасығы.

- Шие.

- Бадам майы жағылған бүтін дақылды тост.

- Жылы сүт.

- Тыныштандыратын түймедақ шайы.

Енді ұйықтар алдында қандай азықты жеуге болатынын білетін боласыз, солардан өзіңіз қиыстырып, бір тағам түрін ойдан шығара аласыз. Мысалы, жержаңғақ майы жағылған банан тілімдері, ірімшік қосылған алма немесе шие қосылған бадам сияқты тағамдар болуы мүмкін.  

Барлық осы азықтар әртүрлі себеппен босаңсытатын әсерді қамтамасыз етеді. Дәнек пен ірімшік құрамында триптофан бар, ол ағзада салауатты ұйқы үшін жауап беретін мелатонинге айналып кетеді. Мелатонин, сонымен қатар, шие мен бананда бар. Бадам бұлшықеттерді босаңсытуға көмектеседі. Сүт өнімдерінде кальций бар, ол тыныш ұйықтау үшін жауап береді. 

Ұйықтар алдында балалар әлдебір тәттіні жегісі келіп — печенье немесе шоколадты сұрай беретіні бар. Олардың айтқанын орындамау керек – қанттың жоғары құрамы керісінше сергектікке әкеледі, ал бұл бізге мүлдем қажет емес. 

Ұйықтауға қатысты мәселелерді болдырмау үшін түске дейін жеуге болатын азықтар тізімі:

- Кофе, шай және тәтті газдалған сусындар

- Қант

- Шоколад

- Ұйықтауға жатар алдында шамамен 30-45 минут бұрын шамалы тамақ жеуге тырысыңыз. 

Ұйқыңыз тәтті болсын!

Дереккөз

О. Сансызбай