Швейцариялықтар дрондарға көпір салуды үйретті

Швейцариялықтар дрондарға көпір салуды үйретті
Фото: youtube.com

Швейцариялық ғалымдар көпір сала алатын квадрокоптерлер жасап шықты. Бұл туралы Gizmag басылымы жазды.

Құрылысты бастамас бұрын салынатын көпір туралы ақпарат компьютерге енгізіледі. Ары қарай компьютер квадрокоптерлерді өзі басқарып отырады. 

Төмендегі видеода көрсетілген тәжірибеде көпір Dyneema деп аталатын арқаннан жасалады. Диаметрі 4 миллиметр болатын бұл жіп 1,3 тонна жүкті көтере алады. Аппараттар ұзындығы 7,4 метр көпір салып шықты.

Тәжірибе Цюрих қаласындағы Швейцария жоғарғы техникалық мектептің қабырғасында өтті.

М. Бисембаева