Microsoft Skype-тың неліктен жұмыс істемей қалғанын айтты

Microsoft Skype-тың неліктен жұмыс істемей қалғанын айтты
Фото: tn.kz

Microsoft компаниясы Skype-тың неліктен жұмыс істемей қалғанын түсіндірді. Айта кетелік, сервис 21 қыркүйек күні қосылмай қалған еді.

Компания өкілдерінің айтуынша, сол күні қызметкерлер программаны жетілдіру үшін кодын өзгерткен. Өзгерістер шамадан тыс көп болып кеткендіктен, сервис дұрыс жұмыс істемей қалған. 

Skype 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 9:20 шамасында істемей қалған. Сервисмен жұмыс істеп отырған қолданушылар бір-біріне хат жібере алмай қалған. Ал бағдарламаны қосқысы келгендер кіре алмаған.

Microsoft болған жағдай үшін қолданушылардан кешірім сұрады.

М. Бисембаева