- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бергамот жемісінің пайдасы...
Бергамот жемісінің пайдасы
Бергамот — кішкентай цитрустік өсімдік. Оның түрі лимонға қатты ұқсайды. Ал дәміне келетін болсақ, дәмі – лимон мен тәрәнжі деп аталатын қышқыл апельсиннің қосындысын береді. Оны көбіне ароматерапияда қолданады. Бұл жеміс туралы толығырақ білгіңіз келсе, төменге назар аударыңыздар.
Бергамот майы:
- көңіл-күйіңізді көтереді
- шығармашылық байланыс орнатуға да әсер етеді
- күйзеліспен күресуге көмектеседі
- ұйқысыздыққа ұшыраудан сақтайды
- жүйке жүйесін жақсартады
- бактерия мен вирусқа қарсы белсенді қызмет атқарады
- қызуыңыз көтерілген жағдай да пайдалы
- сонымен қатар қақырық түсіруге жақсы.
Бергамотты көкөністен сорпа жасаған кезде немесе жеміс-жидектен салат дайындаған кезде, тіпті кондитерлік өнімдерге де хош иістендіргіш құрал ретінде пайдаланады.
Ол Үндістанда, Қытайда, Қара теңіздің ылғалды субтропиктік жағалауларында, Италия және Калабрия провинциясында көптеп өседі.
Оның қабығынан хош иісті май алып, үгіндісі мен шырынын әртүрлі тамаққа дәмдеуіш ретінде қосады.
Жоғарыда айтылған ауруларға шалдықсаңыз, бергамотты міндетті түрде тұтынуға кеңес береміз. Нәтижесіне көзіңіз жетеді.
Ж. Исакаев