Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жүйке жүйесін тыныштандыруға арналған өнімдер

Жүйке жүйесін тыныштандыруға арналған өнімдер

Жүйке жүйесін тыныштандыруға арналған өнімдер

Ұйқысыздық, жұмыстың көптігі және тағы да басқа факторлар жүйке жүйесінің әлсіреуіне ықпал етеді. Бұдан кейін күйзелу мен жалпы әлсіреудің де ауылы алыс емес. Мәселені шешуге кейбір азық-түлік өнімдері көмектеседі.

Күйзелуге қарсы өнімдер

Көптеген дәрігерлер жүйке жүйесін дәрі-дәрмекпен тыныштандыруды ұсынады. Өкінішке орай, дәрі-дәрмектер кері әсер беруі мүмкін және кейбірі ағзаға жақпайды. Егер сіз денсаулығыңызға алаңдайтын болсаңыз, тағамыңызға қажетті өнімдерді қосу арқылы тыныштықты қайта қалпына келтіруге, күш-қуат жинап, байырғы өмір салтына келуге тырысып көріңіз.

Антидепрессанттарды мақсатты түрде ұзаққа созылған күйзеліс кезінде, гормон өндіру қатты бұзылғанда пайдалану керек.

Құрамында ақуыз, йод, С және РР дәрумендері мен магниі бар банан тыныштануға әсер ете алады. Бұл жеміс көңіл күйге түбегейлі әсер ететін серотонинді өндіруге көмектеседі. Оған қоса банан ұйқыны жақсартады.

Какао мен қара шоколад жүйке жүйесінің тез арада қалпына келуін қамтамсыз етеді. Таңғы уақытта ішілген бір шыны какао ағзада адреналин, серотонин және дофамин өндірісін арттырады. Бұлар жүйкесі әлсіреген адамның тынышталуына және жалпы жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Какао-бобтар – табиғи антидепрессант екенін жылдық тәжірибелер дәлелдеген.

Депрессия мен күйзелісті емдеуде жаңғақтың орны ерекше. Олар жүйке күшін жайлап жақсартады, көңіл күйге әсер ететін гормондардың түзілуін реттейді, миды қажетті микроэлементтермен қоректендіреді. Күнделікті бір уыс жаңғақ жесеңіз, жағдайыңыз жақсарып, шаттанып жүресіз.

Теңіз балығында жүйке жүйесіне жақсы әсер ететін көптеген майлы қышқылдар бар. Балық пен теңіз өнімдерін жиі тұтыну арқылы жабырқаулы көңіл-күйдің алдын алуға болады.

Күйзеліс кезінде жаужапырақ қосылған шайды жатар алдында ішу ұсынылады. Ол беймаза күйді басып, ұйқыны жақсартады, сонымен қатар күндізгі енжарлыққа төтеп береді. Жүйкенің тынышсыздығын басуға сасықшөп те көмектеседі, оны шайға қосып ішуге де болады.

Өмір салтыңызды өзгертіңіз!

Егер әрдайым көңіл күйіңіз жабырқаулы болып жүрсе, өміріңізде бірдеңені өзгерту керек. Жұмыстан көбірек демалуға тырысыңыз, кинотеатр, көрмелерге барыңыз. Мүмкіндігіңіз болса, бассейнге жазылыңыз. Жүзу жан тыныштығын орнатуға көмектеседі.

Ойыңызды басқа жаққа бұратын, көңіліңізге жағатын істермен айналысып көріңіз. Ізденістер арқылы жаныңыз қалаған нәрсені тапқанда мазасыздық та кетеді.

www.wikihow.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 04 сәуір 2014, 09:42
Пікірлер
+0
04 сәуір 2014, 09:50

мына сәуір бір қуантып, бір шаршатайын деп тұр ғой

+0
04 сәуір 2014, 10:36

Нағыз маған керек, аздап ашуланып жүрмін...

+0
04 сәуір 2014, 16:52

Басейінге түскім келіп кетті ғой :)

+0
04 сәуір 2014, 17:50

қараңғы бөлменің терезелерін ашып желдетіп, көзімізді жұмып, құлаққаппен симфониялық оркестрдің концерттерін тыңдау қажет және арасында бал қосылған шай ұрттап отырса тіпті жақсы.

+0
06 сәуір 2014, 14:52

жаужапырақ деген қандай өсімдік? Кеңестеріңізге рақмет, Анар әпке! Көктемде тым ашуланшақ болып кетемін. Сондықтан күніне үзбей үш рет Ново-пассит сиропын ішемін. Өте жақсы көмектеседі. құрамында тек емдік шөптер.

+0
06 сәуір 2014, 16:18

Мағанда керек кеңестер. Какао iшемiн мен кейде.. Диеталық тағамдарды пайдаланып жүрмiн. Ең дұрысы дос,құрбыларыңмен кездесiп,сыр бөлiсу.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.