Дертіңізге дауа болатын хош иістер

Дертіңізге дауа болатын хош иістер
Фото: vahe-zdorovye.ru

Ароматерапия сеанстары сізді сергітіп, ерекше көңіл-күй сыйлайды. Сонымен қатар денсаулығыңызға байланысты барлық мәселені шешуге көмектеседі. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға дертіңізге дауа болатын хош иістерді ұсынамыз. 

1. Басыңыз ауырса

Басыңыз ауырған кезде базилик майы қажет. Оның ауыз қуыратын ащылау иісі жүйке жүйеңізді жақсартады және тамырларыңыздың бітелуі мен ластануынан қорғайды. Сонымен бірге ұйқыңызды да ретке келтіреді. Бас ауруы басталған бойда базилик майының 7-9 тамшысынан аромалампа (хош иісті шырақтар) жағыңыз. Мүмкіндік болса, жастыққабыңыздың бір бұрышына 2-3 тамшы эфир майын тамызып, 40-60 минут жатып демалыңыз. Басыңыз ауруы қойғаннан кейін жастық тысын жууға тастаңыз.

Кеңес: Басыңыз ауырған кезде базилик майы күшті әсер етеді. Сондықтан оны кем дегенде күніне 2-3 рет қолданыңыз.

2. Салқын тигізіп алсаңыз

Тұмау, кеңсірік ауруы мен бадамша безінің қабынуы кезінде бергамот нәзік хош иісі жағдайыңызды түзейді. Күніне 2-3 рет 9-10 тамшы май тамызып, аромалампа жағыңыз. Бір күн өткен соң ингаляция жасап, 3-4 тамшы майды 2 литр сумен араластырып тұтыныңыз немесе саше (ішкі киімдердің арасына салып қоятын, әтір, иіссуға малынған кішкене жастықша) істеп көріңіз.

Кеңес: Бұл хош иістің зияны жоқ, бірақ 14 жасқа толмаған балаларды бергамотпен емдемей-ақ қойғаныңыз дұрыс.

3. Арықтағыңыз келсе

Апелсиннің тәтті хош иісі тәбетіңізді басуға көмектеседі. Сонымен бірге ол көңіл-күйіңізді көтеріп, көмірсуларды ретке келтіруге септігін тигізеді. Ал ол дегеніміз - сіздің арықтауыңызға мол мүмкіндік. Егер артық салмақтан тез арада құтылғыңыз келсе, 8-10 тамшы эфир майын тамызып, күніне 1-2 мәрте аромалампа жағыңыз немесе қайда жүрсеңіз де өзіңізбен бірге 2-3 тамшы апельсин майы тамызылған бет орамал ұстап жүріңіз.

Кеңес. Целлюлитпен күрес кезінде ваннаңызға су толтырып, 4 тамшы апельсин майын тамызып, 20 минут жатыңыз. Судың жылы болғаны жақсы. Нәтижесіне қол жеткізу үшін бұны 2 ай бойы 3 күн сайын қайталап тұрыңыз.

4. Күйзеліске ұшырасаңыз

Күйзеліске қарсы күресетін хош иіс – сандал хош иісі. Ол 5-6 тамшы эфир майын тамызып, 15 минут жылы ванна қабылдап, болған соң бірден 2-3 сағат жылы төсекте жатсаңыз ғана керемет әсер етеді. Ал аромалампада оны көбіне басқа майлармен бірге араластырып қоспа ретінде пайдаланыңыз және 4 тамшыдан артық тамызбаңыз.

Кеңес. Егер жұмыста немесе үйден жырақ мүлдем басқа жерде жүрсеңіз, онда қалтаңызда міндетті түрде сандал сашесі болғаны дұрыс. Көңіл-қошыңыз болмай, бір нәрсе ойлап уайымдаған кездерде керек болады.

5. Қысымыңыз көтерілсе

Қарағайдың жылы, созылмалы иісі мен иланг-илангтың иісі артериялық қысымыңызды реттейді. Бірақ жарты жыл бойы күн сайын хош иістендірілген дәріні иіскеуіңізге тура келеді. Сонымен қатар эфир майының 4 тамшысын тамызып, аромалампа жасаңыз. Алайда естеріңізге саламыз, бұл майды демікпемен (астма) ауыратын адамдарға пайдалануға болмайды.

Кеңес: Егер өз-өзіңізге деген сенімсіздік пайда болса, түнгі ұйқыңыз дұрыс болмай, депрессияға жиі ұшырап жүрсеңіз, жатар алдында жастыққабыңыздың бір шетіне майлар қоспасынан бірнеше тамшы тамызып жатыңыз.

6. Жұмыс істеуге зауқыңыз соқпаса

Әсіресе, күз мезгілінде бұл көп кездеседі. Егер кофенің өзі сергіп алуға көмектеспесе, онда біз сіздерге басқа бір әдістерді ұсынамыз.

Жанжабілдің жанға жылы хош иісі қатты шаршағаныңызды басып, байланысқа бейімділігіңізді арттырады.

Грейпфруттың салқын әрі балғын иісі ақпаратты оңай, лезде қабылдауға көмектеседі.

Шайырлы, жаңа балқарағай иісі өз-өзіңізге деген сенімсіздікті жояды.

Ж. Исакаев