Махатма Гандидің нақыл сөздері

Қадірлі Массагеттің оқырмандарына 20 ғасырдың ұлы саясаткері Махатма Гандидің қанатты сөздерін ұсынамыз.

Алдымен аз-кем тарихқа саяхат жасайық. Ганди 1869-1948 жылдары өмір сүрген, Индияны Ұлыбританиядан азат ету үшін күрескен ғасыр адамы. Бұл кісінінің ұлылығы сол - азаттық үшін күресте  бір тамшы қан төкпей, ешқандай агрессиясыз елін егемендікке қарай алып шықты. Отыз жыл бойы осы мақсатта жүріп-тұрған ол елі тәуелсіздік алған соң, бір жылдан кейін қайтыс болып, жер қойнауына кете барды. Адамшылық қағидаттарынан үлес алғысы келетін оқырмандарды мына нақыл сөздерге назар аударып, ой толғауға шақырамыз.

Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өнідру жолындағы еңбек қана. Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды? Мәселе ар мен ұятқа таянғанда көпшілік дауысы арқылы шешім қабылдау дұрыс емес. Ұлттың ұлылығы мен кеудесінің кеңдігін олардың жан-жануарларға деген қарым-қатынасына назар салып-ақ байқауға болады. Жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты қаласақ, алдымен сәбилерге назар аударуымыз керек.  Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол. Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса. Шынайы өмірде ішкі проблемаларыңмен бетпе-бет келген кезде дін жайлы білімдерің адыра қалып, түкке тұрғысыз болып көрінеді. Кез келген адам қаласа, өзінің ішкі дауысын ести алады. Ішкі дауыс кез келген адамда болатынына сеніңіз. Жеттім, толдым деген адамның дамуы тоқтап, міндетті түрде кері кетуі басталады.  Шын махаббат қайтарым талап қылмайды. Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді. Әлемнің кеңдігі сол - барлық мұқтажды жарылқай алады, тарлығы сол - дүние қуып, көзін шел басқан сараңды ешқашан қанағаттандыра алмайды. Біз тыңдаймыз, бірақ үнсіз қалу үшін емес.  Мақсатыңды тап, ресурс табылар. Адам баласын құрдымға апаратын нәрселер мыналар: принципі жоқ саясат, ұжданнан жұрдай болып  тән рахатына бөлену, жұмыссыз байлық, мінезсіз білім, моральсіз бизнес, адамгершіліксіз ғылым... Өтірікші шындығына келгенде өзін-өзі алдайды.  Кешіру мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас. Құдайды іздеген адамда дін жоқ. Зорлық-зомбылықпен келген жеңіс жеңіліспен пара-пар. Бұндай жеңістің ғұмыры қысқа.

 

сурет: liveinternet.ru