- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- "Хұсрау-Шырын" дастанындағы мақал-мәтелдер...
"Хұсрау-Шырын" дастанындағы мақал-мәтелдер # 2
1. Үнемі қайғыда қалмас кісі, біл.
2. Қатты аққан су көпірлерді жығар тәрік,
Сен ақырындап негіз жаса берік.
3. Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас,
Ақырын жүрген күндіз-түні жүрсе де талмас.
4. Қатулан, түлкідей, ауға жуыма,
Қояндай түлкі айласына ұйыма.
5. Шығар көп жейтіннің жоқтықта жаны.
6. Дүние балында ара бар сақтанатын.
7. Қарын толтырма құрттар сияқты, ойлан,
Құмырсқадан беліңді аштыққа байлан.
8. Дүние үшін қылма көңіл тар,
Көңіл тарлығы қайғы келтірер, әй жар.
9. Бұл дүние қайғысын көп-ақ жерсің,
Әке өлтірген адамды досым дерсің.
10. Кіші деп берсе дұшпанға бос уақыт.
11. Өлгенде дұшпан болма шат,
Өзің де өлімнен емессің азат.
12. Ұмытпа барша халде шағыңды біл.
13. Тұзы аз болса астың татымы болмас.
14. Не істі қылсаң да, өз халіңе шақта.
15. Кілеміңе қарай көсіл аяқты,
Жоқ болса, жерсің аңсызда табақты.
16. Күзет, өз мәртебеңнен өтпе биік,
Арсыздық қылма өз орныңда тұр тек.
17. Көр өз айыбыңды, өзгеден іздемеңіз,
Кісі айыбын, қатулан, көздемеңіз.
18. Өнерді көр, көргенше айып, сақтаушым,
Шешек тер, баққа барсаң, алма тікен.
19. Абайла, болмасын еш досың дұшпан,
Егер болса, сен одан жақсы сақтан.
20. Өзіңнен көрмеңіз кем кісіні,
Мамық деп санамаңыз арыстанның тісін.
21. Мың болса да, достарыңды аз деп біл,
Біреу болса да дұшпаның, одан сақтан.
22. Есек еш арпа бергеннен қашар ма.
23. Ауыздай от дегеннен күймесе екен,
Қарын да тіс етімен тоймас екен.
24. Үй ұрысына есікті жапса болмас,
Егер жапсаң тағы еш пайда қылмас.
25. Топыраққа желді байласа тұрмас,
Су менен от бірге тұрмас.
26. Оның ғой малы көптен қайғысы бар,
Қарақшыдан не қорықсын кедей мен жар.
27. Қолын көктегі айға ұсынса болмас,
Оған есерсоқтық жасап мінсе болмас.
28. Болар көріктінің бәрі де көріксіз,
Олардың айыбын жабар көркі, біліңіз.
29. Көркем сөз – ас ішінде тәтті тұз ол.
30. Кәрі қатындай бұл дүние алдамшы,
Тәттілікпен ол да алдар сені.
31. Кісі не зат қылар болса кісіге,
Келер бір күн ол да оның басына.
32. Дүниелікті соңы – білсең, өлім – ол,
Өлім емес, әй ақыл, бұл – ілім ол.
33. Ішім су болса, жалғыз ішпе, қорғаным,
Жалғыз жеген жалғыз өлер зар.
34. Тілесең игілікті, игіге бол жар,
Игінің кеңесінде игілік бар.
35. Егер де ұрланбасын десең гауһар,
Сенімсізге үйіңе жол, жар.
36. Күшпен қорлықты іздеме өзіңе,
Сөзің ұрылмасын қайта жүзіңе.