Әбу Насыр әл-Фараби туралы естелік #3

Әбу Насыр әл-Фараби туралы естелік #3
Фото: www.mota.ru

Жамолуддин ибн әл-Кифтий: Әбу Насыр әл-Фараби Мауараннахрдағы түрік шаһарларының бірі болған Фарабтан шыққан философ. Бұл кісі мұсылмандардан шығып, әлемге танылған данышпан саналады. Ол Иракқа барып, Бағдад шаһарында тұрып қалады. Әбу Насыр бұл қалада хикмат білімін үйренеді. Осы жерде Әбу Насыр сол дәуірде теңдесі жоқ адам болып шығады. Логикаға қатысты кітаптарды зерттеу және оларға түсініктеме беруде көп іс тындырды. Логиканың қиын тұстарын айқындай түсті, көпшілікке түсініксіз болған жасырын сырларын ашты әрі бұл ғылымнан пайдалану әдістерін жеңілдетті. Ол өз шығармаларында логикадан пайдалану үшін түсінікті сөз тіркестерін, астарлы меңзеу сөздер қолданып отырды. Тіпті, ол логиканы түсіндіру, үйрету және талдау жасаудағы әл-Киндий, тағы басқалар жіберген олқылықтарды да атап көрсетті. 

Әбу Насырдың бұдан басқа "Ихсо ал-улум ва аттарьиф" - "Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру" туралы жазылған құнды кітабы бар. Мұндай шығарма жазуда осы кезге дейін Әбу Насырдай ешкім озып кеткен емес. Тіпті бұл секілді ой-пікірлерді  оған дейін әлі ешкім айта алмаған, ол кісі шыққан биікке ешкім көтеріле алмаған еді. Дамып келе жатқан ғылымдардың барлық салалары да оның салған дұрыс жолын пайдаланды десек, қателеспейміз. 

Әбу Насырдың Афлотун және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдеді. Мен философияны үйренушілер үшін одан пайдалырақ бірер кітап бар деп ойлаймын. Бұл шығарма барлық ғылым салаларына ортақ әрі осы еңбек арқылы басқа ғылым салаларының өзіне тән мән-мағыналарын, олардың неден құрылғанын түсіну мүмкін емес еді, қалайша сол мән-мағына барша ғылымға ең алғашқы негіз, іргетас болып қалануы мүмкін екендігі дәл осы Фараби шығармасында ғана түсіндірілген болатын.

Ж. Исакаев