- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Нью-Йоркқа саяхат (6-бөлім)...
Нью-Йоркқа саяхат (6-бөлім)
Нью-Йоркқа саяхат (1-бөлім)
Нью-Йоркқа саяхат (2-бөлім)
Нью-Йоркқа саяхат (3-бөлім)
Нью-Йоркқа саяхат (4-бөлім)
Әлемнің ең үлкен мұражайларының бірі әйгілі Метрополитен мұражайындамыз. Нью-Йоркқа барған туристің бұл мұражайды көрмей кетуі, көп қызықтан құр қалғаны болып есептеледі. Мұражай 1870 жылдан бүгінге дейін жиналған екі миллион шамасындай өнер туындыларына толы. Заманауи өнер, жапон және қытай өнері бөлімі, соғыс құралдары дегендей тағы басқа да бөлімдерге бөлінген. Бұл мұражаймен жақсы таныс болудың жолы өзіңіз аралағыңыз келген бөлікті таңдап алуыңыз арқылы жүзеге асады. Әйтпесе, мұражайдың барлығын көремін деп шаршап қаласыз.
Мұражай негізі демеушілердің көмегімен тұрғызылған. Ең қызығы мұражай билетінің бағасы белгіленгенімен, бере алған ақшаңызды беріп, кірсеңіз болады. Екі қабатты мұражайға кірген бетте алдыңыздан Көне Мысыр бөлімі, сол сияқты Грек және Рим бөлімі, Заманауи өнер туындыларын көре аласыз. Көне Мысыр бөлімі б.з.д 5000 жылдан б.з.д 400 жылына дейінгі ғасырларда қатысы бар 36.000 туынды бар. Мумиялар, саркофагтар мен пұттарды көрген кезіңізде өзіңізді сол дәуірдің адамындай сезінесіз. Егер жоғарыға баспалдақпен көтерілер болсаңыз, мұражайдың екінші қабаттына тап боласыз. Бұл жер мұражайдың жүрегі десек те болады. Себебі қабаттың көп бөлігін атақты Еуропа суретшілерінің өнер туындылары алып отыр. Суреттерден басқа, мұражай қабатының кішкене бөлігін корей, жапон және мұсылман адамдарының туындыларын көре аласыздар.
Мұражай ішінде туындыларды мұқият көріңіз, кейінге қалдырар болсаңыз, көріп үлгермеуіңіз мүмкін. Мұражай ішін толық көру бір күніңізді алуы мүмкін, бірақ, алтын уақытыңызды осы жерде өткізгеніңізге өкінбейсіз.
Жалғасы бар...
a. aaa