Нью-Йоркқа саяхат (2-бөлім)

Нью-Йоркқа саяхат (2-бөлім)

Басы 

Атлант мұхитының үстінен көрінген көрініс қандай керемет! Жан-жағы көкке оранған теңіз суы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Ұшақтың ішінде қарапайым адам үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті орындығыңыздың алдында  GPS құралы арқылы қай жерде екендігіңізді бақылауыңызға да болады. 17 сағаттық ұшудан соң, қалаға да жақындап қалдық. Екі қала арасында уақыт айырмашылығы болғандықтан, уақыттарыңызды бұрап қоюды ұмытпаңыздар. Ал енді біздің алдымызда қызықты сапарлар күтіп тұр. Дайын болыңыздар!


Терминал кірісі

Ұшақтың қонған жері атақты Джон Кеннеди әуежайы. Әуежай іші өте кең, ертегі әлемінде жүргендей боласыз. АҚШ-тың 35-президентінің атын алған әуежай күнде мыңдаған қонақты қарсы алады. Әуежайды пайдаланатын әуекомпаниялар саны да 70-тен асып жығылады. Бұл дегеніміз жылына 60 млн. қонақ Нью-Йоркке келеді деген сөз. Төрт ұшақ алаңының ең ұзыны 4442 м қашықтықты алып жатыр.

Бізден басқа әуежайға басқа да ұшақтар келетіндіктен, терминалға кірер бетте бізді ұзын кезекпен визалық тексеріс күтіп тұр. Тексеріс кезінде сізден не мақсатпен келгендігіңізді сұрап, бармақ таңбаңызды алып қалады. Керемет, біздің кезек те келіп, тексеріс біз ойлағандай ұзаққа созылған жоқ, небәрі жарты-ақ сағат өтіпті. 

Бұл виртуалды сапар болғандықтан, Нью-Йорктың ең қымбат қонақ үйі «Мандарин Ориенталдан» өз орнымызды алған болатынбыз. Алған бөлмеміз президенттік номер, бағасы күніне 12 000$. Олай болса, қонақ үйге бару үшін Нью-Йорк қаласының атақты сары таксилерінің біреуін ұстап көрелік.

Терминалдан шығар бетте, қала күншуағымен бізді күтіп алды. Бос таксиді де таптық. Біздің бағытымыз - Columbus Cir 80 көшесі. Такси терезесінен қала кинодағыдай көрінеді. Көзтартарлық зәулім ғимараттар қала сәнін келтіріп тұрғандай. 


Қонақ үйге де келіп жеттік. Такси бағасы әуежайдан қаланың кез келген жеріне 45$ және қала тұрғындарының ұстанымы бойынша жүргізушіге де 5$ ұсақ-түйектен беруді ұмытпаңыз. Жолдан шаршаған болсаңыз, қонақ үйге кіріп демалыңыз, бізді ертең қызықты да әсем өмір күтіп тұр...

Жалғасы бар...

Суреттер www.cbc.ca, www.panoramio.com сайтынан

Форумда талқылау

a. aaa