Еврейлердің ең үздік мақал-мәтелдері

Еврейлердің ең үздік мақал-мәтелдері

Еврей халқының өте ақылды, дана халық екенін бәріміз де жақсы білеміз. Ендеше сол халықтың тапқыр әрі дәл айтылған ең үздік мақал-мәтелдерін назарларыңызға ұсынамыз.

♥ Адам Ата ең бірінші бақытты адам, өйткені оның енесі болған жоқ.

♥ Егер мәселені ақшамен шешсеңіз ол мәселе емес, ол шығын.

♥ Жаратушы иеміз адамға көп тыңдасын деп екі құлақ, аз сөйлесін деп бір ауыз берді. 

♥ Тәтті болсаңыз сізді жеп қояды, ащы болсаңыз түкіріп тастайды.

♥ Текенің алдыңғы жағынан, аттың артқы жағынан, ақымақтың жан-жағынан қорқу керек. 

♥ Қонақ пен балықтың үш күннен кейін иісі шыға бастайды.

♥ Білім көп жеріңізді алмайды.

♥ Адам тым болмаса әуесқойлық үшін өмір сүру қажет.

♥ Ата-аналар балаларын сөйлетіп үйретсе, балалары сөйлемеуге үйретеді. 

♥ Алыстан барлық адам жаман емес.

♥ Егер әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп нәрсе тындырар еді.

♥ Махаббат қандай тәтті болса да, одан кампот қайната алмайсың.

♥ Ақшаның жоқтығына бәрі жалынады, ал ақылдың жоқтығына ешкім жалынбайды. 

♥ Баласы жоқ адамдар, балаларды жақсы тәрбиелейді. 

♥ О, Құдай! Маған аяқтан тік тұруға көмектесіңізші, ал құлауды мен өзім де білем. 

♥ Қорыққаннан өлгенше, күлкіден өлген артық.

♥ Шашыңызға ақ түссе даналықтың емес, қартайғаныңыздың белгісі.

♥ Тәжірибе деген - адам өзінің жіберген қателіктерін айтатын сөз. 

♥ Әлем адамның көптігінен емес, жоқтығынан құриды. 

Сурет: olembrador.blogspot.com

Оқи отырыңыз:

Тибет ғұламаларының өмірлік ұстанымдары

Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме

7 саны туралы мақал-мәтелдер

Ғабит Мүсіреповтің әйел, ана туралы айтқан ғибратты сөздері

Ж. Исакаев