Ғабит Мүсіреповтің әйел, ана туралы айтқан ғибратты сөздері

Ғабит Мүсіреповтің әйел, ана туралы айтқан ғибратты сөздері

1. Әйел ашуланса - жеңіледі, еркелесе - жеңеді.

2. Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.

3. Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

4. Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

5. Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді.

6. Қазақ әйелі азғана жәрдем бергенді ұмытпайды - тезірек еселеп, қайыруға тырысады.

7. Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

8. Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе - бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе - бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

9. Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.

10. Жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды.

Сурет: besik.kz

Ж. Исакаев