Венгриялықтар велосипедтің жаңа түрін ойлап тапты

Венгриялықтар велосипедтің жаңа түрін ойлап тапты
Фото: google.com

Венгер өнертапқыштарының көмегімен велосипед эволюциясы тағы бір сатыға көтерілді.

Велосипед – көптеген адамның балалық шағын есіне түсіретін көлік. Әр адамның балдырған шағында өзіне ең жақын велосипеді болғаны анық. Қазір ғой, қасымыздағы досымыздың көзінше велосипед деп отырғанымыз, ауылда өссеңіз мұның ресми атауын сіз де  «белсевед» деп айтқаныңыз анық. Ауылдың әр баласы қолдан құрап алатын мұндай белсеведтер талай бозбалаға көрші ауылдың бағынан алма ұрлап, бойы жетпейтін кішкенелерге раманың ортасынан тебуге үйреткен балалық шақтың көлігі. Рөлі босап кететіндері секіріп түсіп, алдыңғы дөңгелекті екі аяғының ортасына қысып, рөлін түзеп алып кете береді. Енді біреулері болады, жап-жақсы жүріп келе жатқан көлігі күтпеген жерден өз ойысынан тез айналып (оборот), тығырыққа тірейді.  Ал, ең қызығы, жүріп келе жатқан велосипедің міндетті түрде күндердің күнінде аяқ асты цебінен шығады. Сол кездегі барлық баланың ең басты көкейкесті мәселесі осы жағдай. Велосипедті теріс төңкеріп, қолын майға былғаған бала мұндай кезде екі дөңгелекті көлігін енді теппестей болады.

Осындай велосипед шынжырына байланысты мәселенің шешімін венгриялықтар тапты. «Stringbike» деп аталатын бұл көлік құралы шынжырдың орнына жіңішке жіпшелерді қолданады. Stringbike Венгрияда жасалғандықтан алғашқы шыққан нұсқасы Венгрияның жалауымен сәйкестендірілген. 

Stringbike: механизм работыБұл құралдың көмегімен қарапайым велосипедке қарағанда едәуір тез жылдамдықпен жүруге болады. Ешқандай артық дыбыссыз қозғалатын велосипедте 19 жылдамдықты көбейтіп-баяулатқыш бар. Велосипедтің рамасы көбіне алюминий металынан дайындалып жүр. Себебі, бұл металл қозғалыс үшін өте жеңіл және ыңғайлы. «Stringbike» бағасы шамамен 380 мың теңгеден басталады.

Дайындаған: Аслан Қажиев

Massaget