Әлемдегі ең жылдам велосипед жасалды

Әлемдегі ең жылдам велосипед жасалды

Велосипедтің ойлап табылғанына 200 жылдан асcа да, ол әлі даму үстінде. VeloX 3 деп аталатын велосипедті голландиялық Human Power тобы құрастырған. Еуропалық инженерлердің өнімі сағатына 133,78 шақырым жүре алады.

Human Power тобы Делфт Технология Университетінің он студентінен құралған. АҚШ-тың Невада штатында өткізілген осы жылғы көрмеде құрастырушылар үздік нәтижені көрсете алған.

VeloX топтың Делфтегі цехында жасалады. Human Power тобының жетекшісі Деннис Беркмос VeloX жүйрігін «велосипедтер ішіндегі Формула 1» деді.

Human Power инженерлері арқамен сүйеніп айдауға болатын күнделікті қолданысқа тиімді велосипед те құрастырды. Velo Tilt велосипеді сағатына 60 шақырым жүре алады. Жаңа көліктің 3 дөңгелегі, кішкене жүк салғышы бар. Велосипедтің бағасы бірнеше мың еуро болады.

Human Power инженерлері экологиялық таза транспорттардың көбеюіне ат салысып келеді.

Сурет: auroraspeedbike.blogspot.com

Ж. Өрісбай