Танымал болу үшін құрастырылған велосипед

Танымал болу үшін құрастырылған велосипед
Фото: www.popsci.com

1939 жылдың қазан айында америкалық "Popular Science" журналы Чарльз Стейнлоф есімді өнертапқыштың жаңа туындысы туралы жазады. Америкалықтың өнертабысы - жанұяның бірігіп еңбек етуіне мүмкіндік беретін екі қабатты велосипед.

"GoofyBike" велосипедін іске қосу үшін 4 адам қажет. Журналдың мұқабасына дайындалған суретте Чикаго қаласының тұрғыны Стейнлоф мырза мен ұлының велосипед "үзеңгілерін" басып жатқан кезі бейнеленген. Ал Стейнлоф ханым киім тігіп отыр.  Стейнлофтың қызы велосипедтің алдыңғы шебінде.

Өкінішке орай, ғылыми журналда жаңа туындының тұрмысқа жарамдылығы туралы жазылмаған. Оның қажет құрылғы болары белгісіз. Себебі танымал бола қоймаған өнертабыс сатылымға да шықпаған.

Кейбір дерекке сүйенсек, бұл Стейлоф жанұясының Popular Science журналына шығу мақсатында жасаған бірегей туындысы екен. 

Ж. Өрісбай