TR-3B жобасы: Америка армиясының құпия ұшағы

TR-3B жобасы: Америка армиясының құпия ұшағы
Фото: pikabu.ru

Аврора бағдарламасы – Пентагонның ең құпия жобаларының бірі. Бұл белгінің астында гипертоникалық жылдамдықпен суборбиталық ұшуға қабілетті АҚШ-тың стратегиялық бомбалаушысы бар. "Қара үшбұрыштар" деп аталатын аспанда ұшып жүрген БҰН (НЛО) көріністерінің көпшілігі жоба аясында жасалған TR-3B Astra ұшағымен байланысты. Бұл ерекше ұшақтың шынымен бар-жоғын анықтап көрейік.

Әлемнің құпия 5 әскери базасы

Зона 51

Ресми мәліметтерге қарағанда "Зона 51"-де жаңадан жасалған әуе технологиясы мен қару-жарақ сынақтан өткізіледі. Бұл жерде "Lockheed U2", "A-1"2 және "SR-7"1 сынды барлау ұшақтары мен әлемге әйгілі көрінбейтін "F-117 Nighthawk" сынаудан өтетіні мәлім етілген. Олардың аспандағы үшбұрышты елесін көргендер беймәлім өзге ғаламшарлықтардың ұшу аппаратын елестеткен болуы мүмкін. Кейбір мәліметтерге қарағанда қазіргі уақытта бұл жерде "SR-91 Aurora" деп аталатын гипердауысты өте құпия көрінбейтін барлау ұшағы үстінде зерттеулер жүріп жатқанға ұқсайды. Бірақ бұл хабарды Пентагон ресми түрде растаған жоқ. 

"Area 51" (Зона 51) құпия әскери базасының сыры

Сыбыстар мен болжамдар

АҚШ тәуелсіз баспасөзі Аврора жобасы бойынша барлығы 24 ұшақ жасалған деп болжайды. 27 миллиард доллар жұмсалған бағдарлама АҚШ армиясына өте қымбатқа түскен. Ресми деңгейде бұл жоба туралы бір де бір сөз айтылмайды. Ал ұшақтарға ақшаны үкімет "қара есепшоттан" алған екен.

 

Жат планеталықтар кемесі

Суреттегідей ешнәрсеге ұқсамайтын құрылғылардың суреті алғаш рет 1990 жылдарда жарияланды. Содан кейін адамдар мұны БҰН деп ойлап, кездейсоқ түсіріп алған суреттерін жариялай бастады. Бұл негізінде АҚШ-тың Астра ұшағы болатын. Ол шынымен де жат планеталықтар кемесіне қатты ұқсайды.

АҚШ ұшқыштары өзге ғаламшарлықтарды көрген (видео)

Шексіз энергия

Кейбір деректер TR-3B Astra қуат көзі ретінде ядролық қозғалтқышты қолданатынын жазған. Сонымен қатар, ұшақтағы арнайы қондырғы магнит өрісін құру арқылы Жердің тартылыс өрісін азайту үшін жұмыс істейтін плазма шығарады. Бұл ұшақтың Жерден көтерілу кезіндегі салмағын 89%-ға азайтады.

Керемет жылдамдық

АҚШ басылымы TR-3B Astra ұшағы дыбыстан 9 есе жылдам ұшады деп хабарлаған. Кейбір деректер, аталмыш ұшақ бір сағатта 20 мың шақырымды артта қалдыратынын жазады. Сонымен қатар, әдеттен тыс пішін және магнит өрісі бар генератор Астраның көлденеңінен де, тігінен де қозғалуына мүмкіндік береді. TR-3B Astra орталығында маневрлік зымыран қозғалтқыштары орналасқан.

Ұшақ қозғалқышы

Құрылғының өте күрделі қозғалтқыш жүйесін Рокуэлл мамандары жасаған. Ұшақ сұйытылған оттегі мен сутекті қолданатын  реактивті қозғалтқыштармен қозғалады.

Т. Раушанұлы