АҚШ ұшқыштары өзге ғаламшарлықтарды көрген (видео)

АҚШ ұшқыштары өзге ғаламшарлықтарды көрген (видео)
Фото: kp.kz

Адамзат ежелден бері өзінен басқа саналы тіршілік иелерінің бар екендігіне сенген. Және соған дәлелдер табуға тырысып келеді. "Ұшатын тәрелкелердің" сипаттамасы ежелгі үнді жазбаларында көптеп кездеседі. Ал қазір ол туралы айтпасақ та болады. Себебі теледидарды қоссаң, ғаламторға кірсең, әңгіменің барлығы осы өзге ғаламшарлықтар туралы. 

Шамамен 2017 жылдың желтоқсанында The New York Times және басқа да беделді басылымдардың бетінде өзге ғаламшарлықтардың таспаға түсіп қалғаны, ол видеоны интернеттен оңай табуға болатыны жайлы деректер шыға бастады. 

Видеоны АҚШ теңіз күштері түсірген. Бұл құпия бейнелерді белгісіз біреу youtube-қа Gimbal және GoFast деген атпен жүктеп, бәріне қолжетімді етіп таратқан. 

Видеодағы нысандар расында да өзге ғаламшарлықтар ма?

“Gimbal” аталатын видео 2004 жылы Калифорния жағалауында USS Nimitz әуекомпаниясының ұшқыштары түсірген. Екінші “GoFast”-ты 2015 жылы F/A-185F жойғыш ұшағының камерасымен түсірілген. Екі видеода да  белгісіз нысандар қазіргі заманауи ұшақтардың ешқайсысы жасай алмайтын “маневрлар” жасайды. 

Шынында да әскери ұшқыштар жат планеталықтарды кездестірген бе?

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ресми өкілі Джозеф Градишераның айтуынша, ұшқыштар жат планеталықтарды бақылады деп айту ертерек. Бірақ, олар, шынында да белгісіз нысандарды көрген. Оның не екенін ешкім түсіндіріп бере алмайды.  Әскери қызметкерлер бұл құбылысты жат планеталықтармен байланыстырғысы келмейді, тек, ресми түрде белгісіз нысандарды: “анықталмаған әуе құбылыстары” деп атаған.

Өзге ғаламшарлықтардың бар екенінің дәлелі

Көптеген адамдар АҚШ қорғаныс департаментінде әскерилердің жат планеталықтарды кездестірген видеолары бар деп есептейді. Осы екі бейненің таралуы министрліктің ұзақ уақыттан бері жұмбақ құбылыстарды зерттеп келе жатқанын дәлелдейді, бірақ олар өз зерттеулерін құпия ұстайды.

Мэтти Робертс. © bbc.com

Биыл жазда 33 жастағы Мэтти Робертс facebook әлеуметтік желісіне "51-аймақ" алдында тұрған суретін жариялаған. Және ол америкалықтардың осы құпия базада өзге ғаламшарлықтарды зерттейтінін айтып: “51-аймаққа шабуылдайық” деп жар салған еді. Қыркүйектен бастап 3 миллионға жуық адам “51-аймақты” зерттеуді қолға алған. Осыншама адамды тоқтата алмайтынын түсінген “51-аймақтың” өкілдері рұқсатсыз аймаққа жақындаған кез келген адамға оқ атуға рұқсат берілгенін мәлімдеген.

Құпия базаға шабуылдауға қызығушылық танытатын адамдар екі топқа жиналған. Оның бірі Невададағы “Alienstock”, екіншісі “Storm Area 51 Basecamp”. 

Бұл қызық: Әлемнің құпия 5 әскери базасы

Area 51(51-аймақ) 

АҚШ-тың Невада штатында аты аңызға айналған "Зона 51" әскери-әуе базасы фантастикалық киноларда, компьютер ойындарында бірнеше рет көрсетілді. Бұл нысан туралы түрлі алып-қашпа әңгімелер таралған: "өзге ғаламшарлықтардың технологиясын зерттейтін жер, мұқым адамзатты жоқ қылып жіберетін қауіпті вирустардың отаны, генетикалық тәжірибелер ордасы" т.б.

1980 жылы физик Боб Лазар бұл аймақта жат планеталықтардың техникасы зерттеледі деп мәлімдеген. Осындай сөздердің таралуынан Пентагон кейбір құпия мәліметтерді жариялауға мәжбүр болған.

51-аймақтың ғарыштан түсірілген суреті

Ресми мәліметтерге қарағанда,  "Зона 51"-де жаңадан жасалған әуе технологиясы мен қару-жарақ сынақтан өткізіледі. Бұл жерде "Lockheed U2", "A-1"2 және "SR-7"1 сынды барлау ұшақтары мен әлемге әйгілі көрінбейтін "F-117 Nighthawk" сынаудан өтетіні мәлім етілген. Кейбір мәліметтерге қарағанда қазіргі уақытта бұл жерде "SR-91 Aurora" деп аталатын гипердауысты өте құпия көрінбейтін барлау ұшағы үстінде зерттеулер жүріп жатқанға ұқсайды. Бұл ұшақ сағатына 20 мың шақырымды басып өте алатын әлемдегі жалғыз ұшу аппараты екен. Бірақ бұл хабарды Пентагон ресми түрде растаған жоқ.

Ал біз осыған дейін 1947 жылдың маусымында Розуэлл қалашығы маңындағы Мак Брейзелдің фермасына беймәлім (БҰН) ұшатын нысан құлағаны туралы "Area 51" құпия әскери базасының сыры" атты мақала жариялаған болатынбыз.

Т. Раушанұлы