Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлемнің құпия 5 әскери базасы

Әлемнің құпия 5 әскери базасы

Әлемнің құпия 5 әскери  базасы

Сырттан қорғалған ракета шахталары, құпия зертханалар, жер асты бункерлері, жер шарында әскери жүріске әсер ететін сырттан қарағанда сүйкімсіз әскери нысандар... бұлар жайлы кітап жазылды, фантастикалық талай кино түсірілді, компьютер ойындары осы нысандарға арналды бірақ бұл жерде не бар екенінен ешкім білмейді.

Area 51(Зона 51)

АҚШ-тың Невада штатында аты аңызға айналған "Зона 51" әскери-әуе базасы фантастикалық киноларда, компьютер ойындарында бірнеше рет көрсетілді. Бұл нысан туралы түрлі алып-қашпа әңгімелер таралған: "өзге ғаламшарлықтардың технологиясын зерттейтін жер, мұқым адамзатты жоқ қылып жіберетін қауіпті вирустардың отаны, генетикалық тәжрибелер ордасы т.б. Осындай сөздердің таралуынан Пентагон кейбір құпия мәліметтерді жариялауға мәжбүр болған.

Ресми мәліметтерге қарағанда  "Зона 51"-де жаңадан жасалған әуе технологиясы мен қару-жарақ сынақтан өткізіледі. Бұл жерде "Lockheed U2", "A-1"2 және "SR-7"1 сынды барлау ұшақтары мен әлемге әйгілі көрінбейтін "F-117 Nighthawk" сынаудан өтетіні мәлім етілген. Олардың аспандағы үшбұрышты елесі көргендердің беймәлім өзге ғаламшарлықтардың ұшу аппаратын елестеткен болуы мүмкін. Кейбір мәліметтерге қарағанда  қазіргі уақытта бұл жерде "SR-91 Aurora" деп аталатын гипердауысты өте құпия көрінбейтін барлау ұшағы үстінде зерттеулер жүріп жатқанға ұқсайды. Бұл ұшақ сағатына 20 мың шақырымды басып өте алатын әлемдегі жалғыз ұшу аппараты. Бірақ бұл хабарды Пентагон ресми түрде растаған жоқ.

Guantanamo Bay

Кубадағы "Гуантанамо" Америка әскери-әуе базасы құрылғанына 100 жылдан асты. Оның аумағы 117 квадрат шақырым. База 50 ірі кеме мен кеме тасушы техникаларды өз аумағына сыйдыра алады. Жағалауда 1,5 мыңнан артық тұрар-жай орындары мен нысандар механизацияланған порт, кеме жөндейтін шеберханалар, оқ-дәрі, азық-түлік, жанармай қоймалары бар. Базада 10 мыңға жақын жауынгер қызмет етеді. Олар үшін барлық қолайлық жаратылған.

База өз аймағында 2002 жылдары құрылған "Гуантанамо" түрмесі себебті адамдар арасында жаман жағынан танылып кеткен. Америкалықтар бұл жерге 2002 жылдан бері сотсыз, тергеусіз мыңнан артық адамды қамаған. Бұл жердегі тәртіпке байланысты түрлі әңгімелер баспасөз беттерін шулатқан. Терроризмге қатысты адамдарды түрлі әдіспен қинаған, ұйықтатпаған, аш-жалаңаш ұстаған, осы жолдармен олардың қылмастарын мойындатқан екен. 2009 жылы АҚШ президенті Барак Обама түрмені жабу туралы құжатқа қол қойған. Бірақ ол бүгінгі күнде де жұмыс істеп тұр. Халықаралық құқық қорғау агентігінің мәліметіне қарағанда түрмеде әлі күнге дейін 40 аса қауіпті қылмыскер қамаулы.

Yulin

Қытайдың Хайнан аралында ірі "Юйлинь" (玉林)  әскери-теңіз базасы бар. 2008 жылы Америка барлау қызметі Қытай азаттық армиясы таулы аймақта ядролық күштерінің үлкен базасын жасырып отырғандығы туралы құпия суреттерді жариялаған.

Құпи түрде өте қысқа уақытта құрылған бұл база Қытай қоғаныс минстрлігі үшін өте маңызды нысан. Үңгірлерде жасырынған ракета тасушы кемелер өте күшті ядролық жарылыстарға шыдамды болып, білдірмей ашық теңізге шығып қарсыласына шабуыл жасау қабілетіне ие. Олар қай жерден шығатыны әлі де мәлім емес. Базаның ішкі құрылымы туралы да мәлімет жоқ. Ең негізгісі Қытайдың мұндай қанша нысаны барлығыда беймәлім.

Mount Cheyenne

АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің жүрегі болып есептелетін Колорадо-Спрингс қаласы маңындағы Шайенн тауы мен оның ішінде жасырынған "NORAD" атты жер асты базасы бар. Бұл база Америка мен Канаданың ракета және әуе күштерін бір тізімге біріктіреді. Ядролық соғыс басталған жағдайды мемлекеттің саяси және әскери басшылары міне осы Шайенн тауы бункерінде басшылық жасайды.

Жер асты базасының құрылысы 1961 жылы басталған. Шайенн тауында 3 жыл ішінде жасанды үңгірлер қазылған. Үш туннель: ұзындығы 180 метр, биіктігі 20 метр, ені 15 метр; тағы төрт туннель: ұзындығы 100 метр, биіктігі 17 метр, ені 10 метр. Бұл үңгірлер бір-бірімен байланысып көзге торды елестетеді.

Бұл үңгірлерде 15 металл нысан орналастырылған. Олардың 12-сі үш қабатты үй. Қалыңдығы 9,5 метрден тұратын болат қабырғалар арнайы пружиналармен жабдықталған. Сыртқы ядролық шабуыл мен жер сілкінісіне өте шыдамды.

Olavsvern

Норвегиядағы "Олавсерн" теңіз базасы атом соғысы жылдары Тромсе қаласы өңтүстігінен 15 шақырым қашықтықта, Рамфьорден мен Баллс порттары қосылған нүктеде орналасқан. Базаның жалпы аумағы 25 мың квадрат метрге тең. Оның фортификациясымен Норвегияның НАТО-мен одақтастары айналысқан. Ядролық соғыс кезінде комплексті негізінен Солтүстік мұзды мұхиттты бақылаған америкалық әскери күштері пайдаланған. Олардың міндеті КСРО-ның су асты ракета тасушы кемелерін бақылау болған екен.

КСРО тарап кеткенен кейін база ұзақ уақыт пайдаланусыз қалды. 2011 жылы оны сатуға шығарған. Оны бизнесмен Гуннар Вильгельмсен сатып алып, жалға Ресейдің ғылыми-зерттеу кемелер базасына берген.

0
Рейтинг: +2

Фото: enjoymiamidicas.com
Қосылған күні: 20 маусым 2018, 12:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.