- Негізгі бет
- Техно
- Илон Масктан басқа...
Илон Масктан басқа болашақты өзгертетін 4 миллиардер
Адамзаттың дамуына ақпарат технологияларының орның ерекше. Бүгінде болашақты өзгертетін адам ретінде Илон Масктың аты жиі айтылады. Иә, Илон Масктың ғарыш пен электрокар саласына сіңіріп жатқан еңбегі зор. Бірақ оның жарнамасы да жақсы. Илоннан бөлек болашақ ұрпақтың игілігіне жарайтын істерді жүзеге асырып жүрген миллиардерлер өте көп. Жақында ақша аударымдары месенджерлер арқылы, ал заттар дрон-курерлер арқылы өз мекеніне жетіп жатса таң қалмаңыз. Бәрі де біз сөз еткелі жатқан миллиардерлердің арқасында.
©itc.ua
Билл Гейтс – АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, әйгілі Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы (Пол Алленмен бірге) және экс-президенті, негізгі акционері. Forbes журналының әлемдегі бай адамдар рейтингі бойынша екінші (90 миллиард доллар) саты Билл Гейтске тиесілі. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күресуге ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек 10 миллион доллардан алады. Ал қалған ақшасы қайырымдылық қорына аударылады.
Ол түрлі саладағы ғылымның дамуы үшін ақшасын аямай жұмсап жатқан миллиардер. (Бұл туралы біз “Билл Гейтс қаржысын қайда жұмсайды?” атты мақаламызда егжеей-тегжейлі айтқан болатынбыз). Мысалы, дәмі жағынан етке ұқсайтын жасанды ет жасап шығарумен айналысатын Impossible Foods жобасына Билл Гейтс 2013-2017 жылдар аралығында 208 миллион доллар ақша бөліп, қаржылай қолдап отырған.
Соның нәтижесінде Impossible Foods дайындаған етті бургерлер АҚШ мейрамханаларында үлкен сұранысқа ие.
©Dagelan.co
Дуров дегенде vk.com әлеуметтік желісі еске түсетіні анық. “ВКонтакте” Ресейдегі “Одноклассники” әлеуметтік желісінен кейін пайда болса да, аз уақыт ішінде ТМД елдер арасында танымалдылыққа жетті.
Оның негізін қалаған Дуров “ВКонтакте-ден” 2014 жылы кетті де, көп өтпей Telegram мессенджерін жасап шығарды. Бұл әлеуметтік желі де халықаралық деңгейде бірден сұранысқа ие болды. Ірі бәсекелестеріне қарамай, Павел “сервис қауіпсіз және құпия болуы керек” деген сөзіне адал болып қалды.
Қорғалған хаттар, жылдамдық, бұлт қызметі және көптеген стикерлер, бот пен каналдар Telegram-ды танымал етті. Қазіргі уақытта мессенджер пайдаланушыларының саны 200 миллионнан асады.
Telegram дамып, жаңа функциялар қосылып жатыр. 2020 жылдың көктемінде мессенджердің өз криптовалютасы – Gram айналымға енуі мүмкін. 2018 жылы инвесторлар оған 1,7 миллиард доллар қаржы салған, танымал инвесторлардың арасында Роман Абромович те бар.
Жоспар бойынша, Gram – Bitcoin немесе Ethereum-ге ұқсамайды. Ол Visa және MasterCard-тың баламасына айналады. Бұл әлем бойынша жаңа, алғашқы криптовалюта болады деген болжам бар. Gram-ның қауіпсіздігі сонша, оны кез келген Telegram қолданушысы пайдалана алады.
©r.wikipedia.org
Amazon негізін қалаушысы әлемдегі ең бай адам ретінде ғана емес, сонымен қатар алдыңғы қатарлы технологияларға инвестиция салумен де танымал.
Безос Amazon компаниясын 1994 жылы құрған. Сол кездегі Безос идеясы шағын интернет-дүкені еді. Бүгінде жоба үлкен нарыққа айналды, ол жерден кез келген нәрсені табуға болады.
Сатудан басқа, Amazon өндіріспен де айналысады. Олардың қатарында Kindle электрон кітаптары бар.
Тапсырыстардың үлкен ағымы Amazon-ды ішкі логистикасын жақсартуға және сақтау мен жеткізуді оңтайландыруға әкелді. Ол үшін компания машина жасау негізінде жасанды интеллект қолдана бастады. Безостың іскерлік дағдылары бұл жолы да көмектесті: Amazon өзінің бөлшек сауда аймағындағы сыртқы тұтынушыларға түрлі технологияларды ұсына бастады. Осылайша Amazon Web Services пайда болды.
Бүгінгі таңда Toyota компаниясы компанияның әзірлемелерін пайдаланады. Жасанды интеллект автомобиль өндірушілеріне жүргізушісіз автомобильдер жасауға көмектеседі.
2000 жылы Джефф Bezos Blue Origin жеке аэроғарыштық компаниясының негізін қалады. Оның мақсаты – адамдарды Ай бетіне қоныстандыру мен Жерге зияны тиетін ірі зауыттарды Ай бетіне ауыстыру. Blue Origin 2020 жылы Айды игеруге дайындалып жатыр.
"Біз Жер бетінен кетеміз, кетуге мәжбүрміз. Қалғысы келгендер қала берсін. Миллиондаған адамдар Айда жұмыс істеп, Жер бетіндегі ауыр өнеркәсіптік нысандарды сол жақа көшіруге болады. Бұл Жер бетіндегі өсіп бара жатқан қажеттіліктерді өтеудің бірден-бір жолы", – деген еді Безос Калифорнияда журналистермен кездесу кезінде. Бұл туралы біз “Біз Жер бетінен кетеміз, кетуге мәжбүрміз" атты мақаламызда жазған едік.
Amazon сонымен қатар жүргізушісіз машиналардың көшбасшысы да саналады.
©perfiles143.rssing.com
Марк Цукерберг – Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалағандардың бірі. Бұл желіден қазір 2 миллиардтан артық адам пайдаланады.
2019 жылы Facebook платформасында жаңа Libra криптовалютасы іске қосылды. Сарапшылардың пікірінше, Facebook криптовалютасы аударымдар үшін комиссия алмайды, ал айырбастау бағамы салыстырмалы тұрақтылықты қамтамасыз ететін бірнеше валюталардың бағасына негізделген.
Алайда Цукерберг табысты кәсіпкерлікпен шектелмейді. Ол миллиардерлердің қайырымдылық бағдарламасына қосылған.
2015 жылы ол әйелі Присциламен бірге “Чан Цукербергтің бастамасы” (The Chan Zuckerberg Initiative) қорын құрды. Ерлі-зайыптылар Facebook акцияларының 99 пайызын осы қорға өткізуге шешім қабылдаған. Қор қаражаты көптеген ауруларды емдеу мен алдын-алуға, сонымен қатар биологиялық зерттеулерге арналған жасушаларды визуализациялауға жұмсалады.
Цукерберг мемлекеттік мектептер мен білім берудегі стартаптарға, соның ішінде Code.org-қа, информатиканы жаңа деңгейге шығаруға қаржы бөледі. Ол Vicarious – неокортекстің (ми қабаты) зерттеуіне және оны компьютерлік кодқа айналдыруға қатысатын стартаптарды қаржыландырды. Егер зерттеу сәтті болса, жасанды интеллект адамның санасына жетіп алады деген болжам бар.
Т. Раушанұлы