Telegram мессенджерінің негізін қалаушы "ораза" ұстады

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы "ораза" ұстады
Фото: Dagelan.co

Telegram мессенджерінің негізі қалаушысы Павел Дуров өз әлеуметтік желісінде бір ай бойы тамақ жемеуге шешім қабылдағанын жариялады.

Дуровтың айтуынша, ол соңғы 15 жылда алкоголді ішімдік, кофеин, дәрілер және фаст-фуд тағамдарын тұтынудан бас тартқан. Осыдан соң оның денсаулығы бұрынғыдан да жақсара түскен. Бір жыл бұрын ол интеллектін арттыру, терең ойлану, күш-жігерін арттыру мақсатында құрамында жұмыртқасы бар тағамдар мен сүт өнімдерінен жасалған тағамдарды жеуден бас тартқан. Бұдан бөлек Дуров мамыр айынан бастап тек балық еті мен теңіз өнімдерінен жасалған тағамдарды жей бастаған.

"Бұл айда мен жаңа эксперименттерді жасап көремін. Соңғы 6 күн бойы ештеңе жемедім, тек су іштім. Қазір өзімді сергек сезінудемін", – дейді Telegram негізін қалаушысы.

Дуров мұндай тәсіл арқылы біраз салмағын жоғалтуы мүмкін, бірақ месенджері үшін жаңа идеялар ойлап табатынына сенімді.

Т. Раушанұлы