Илон Маск әлем автоөндірісін бағындыра ала ма?

Илон Маск әлем автоөндірісін бағындыра ала ма?
Фото: youtube.com

Батыл қадамдар мен идеялар адамзатты әрқашан алға сүйреп келген. Біз күнделікті қолданып жүрген кейбір заттар өз уақытындағы бір "қиялидың" еңбегінің нәтижесі. Кез келген "қияли" "ақымақ идеялары" үшін әрқашан "данышпандардан" таяқ жеп келген. Оларды "ақылы түзулер" ғасырлар бойы мазақ етті. Кезі келіп жүзеге аспайтын идеялар жүзеге асқанда "данышпандар" мен "ақылы түзулер" үндемей оның игілігін көруді жалғастырып келе жатыр. Сондай қиялилардың бірі – Илон Маск!

Илон Маск 
Илон Маск Tesla компаниясының негізін қаламаған. Бірақ ол 2004 жылы компанияға келгенде Tesla конвейерлерінде тек бір автомобиль – бағасы 100 мың доллар тұратын Roadster спорткары болған. 2006 жылы Илон Маск автоөндірісте мүмкін емес болған идеяны көпшілікке жариялады: қолжетімді электромобильдер шығару. 

Илон Маскты танитын адамдар оны "мүмкін емес істерді жүзеге асыруға ұмтылатын адам" ретінде таниды. Маск кез келген түйіннің шешімін табуға тырысады. Басқалар "нореал" деп есептейтін жоспарларды жүзеге асырады. 

2006 жылы электрокөлік қолжетімді болады деген идеяға ешкім сенбеді, ол кезде барлық автоөндірушілер "электромобиль қашан да қымбат болады" деп ойлады. Сондықтан ешкім Масктың идеясына мән беріп қарамады, жәй ғана кезекті бір қиялидың "пияры" деп ойлады. Бірақ арадан 12 жыл өтіп оқиғалар басқаша орын алғанына бәріміз де куәміз. 

2012 жылы бағасы 75 750 доллар тұратын, толық қуатпен 502 шақырым жүре алатын бір қозғалтқышты Tesla Model S сатуға қойылды. 2012 жылы 12 қарашада бұл көлік Америкадағы "Motor Trend" журналының "Жыл автомобилі" сыйлығын жеңіп алды. Бұл тек бастамасы еді. 

Tesla Model X және Tesla Model 3 
2015 компания Tesla Model X-ті, 2016 жылы бағасы 35 мың доллар тұратын, толық қуатпен 320 шақырым жол баса алатын Tesla Model 3-ті сатуға қойды. 

Tesla Semi 
2017 жылы қараша айында компания 40 тонна жүкпен 800 шақырым жүре алатын Tesla Semi жүк машинасын таныстырды. Оны 2019 базарға шығару жоспарланған. Ол әлемдегі ең алғашқы жүк таситын электромобиль болуы мүмкін.

Осы уақытқа дейін қанша көлік сатылды? 

2018 жылдың тамыз айында Америка автобазарында сатылған Tesla Model 3-тің жалпы бағасы 1 миллиард долларды құрады. Мұнымен Tesla жеңіл машиналар сатуда Америка базарында осы уақытқа дейін біріншіліктен түспей келе жатқан Toyota Camry мен Honda Accord-тан басып озып, көш басшысына айналды. 10 жыл бұрын мұны ешкім елестете алмайтын еді. Жапония автоөндірушілері Америка базарын жаулап алу үшін ондаған жылдар үздіксіз еңбек етті. Кешеге дейін Америка авто компаниялары жапондардан озып кетуді армандамаған да, бұлай болады деп ойламаған. Tesla Model 3 болса мұны бар-жоғы 13 айда жүзеге асырды.

2018 жыдың 1 шілдесінде Илон Маск Tesla компаниясы темір тұлпарларды жасап шығару көлемін аптасына 7 мың данаға дейін арттыратынын мәлімдеді. 

Сату тәсілі 
Машиналарды сатуда Tesla ескі әдістен – тәуелсіз дилерлерден, қарапайым тілмен айтқанда дүкендерде сату үрдісінен бас тартты. Сату Tesla-ның интернет-сайты арқылы жүзеге асырылды. Бұл тізім Apple компаниясының өз өнімдерін сату тізіміне ұқсайды. Tesla автосалондары болса тек көрме алаңына айналды. 

Қаржылық жағдай 
Компанияның инвесторлары: Google-нің негізін қалаушылардың бірі – Ларри Пейдж және Сергей Брин, eBay-дың негізін қалаған және президенті – Джефри Сколл, Daimler AG, Toyota және Илон Маск. Бұлардың ішінде ең көп инвестиция кіріткендер Toyota компаниясы (50 миллион) және Илон Маск (70 миллион). 

8 жылдан бері компания пайда емес зиян көріп келеді. 2017 жылғы шығын 2,24 миллиард доллар. Соған қарамастан компанияның базардағы капитализациясы өсуін жалғасытырып 64,25 миллиард долларға жетті. Мұнымен Tesla капитализациясы General Motors және Ford Motor компаниялары капитализациясынан жоғарылап кетті.

Болашақ 
Илон Маск автомобиьдің жаңа архитектурасы мен идеяларын үйренуді жалғастырып жатыр. 2019 жылы Model Y кроссоверін шығару жоспарланған. 5 жылдан соң бағасы 25 мың доллар тұратын электрокөліктер жасап шығарылу көзделген. Бұл электромобиль бағасы Америкада қолжетімді болады дегенді білдіреді. Егер солай болса электромашиналар базары жеделдей түседі. 
Bloomberg бсылымына берген сұқбатында Илон Tesla электркөліктерін Еуропада шығару көлемін кеңейтуді жоспарлап жатқандығын айтты. Қазір Нидерландияда Tesla Model S жасалып жатыр. Кәрі құрлықта сериялы авто өндіруді қалтаға салмақ салмайтын түрі – Tesla Model 3-тен бастамақшы. Бұл алдағы 3-4 жылда жүзеге асады.

Суперқуаттағыштар
Tesla суперқуаттағыштар (Supercharger) – электрокөліктерді қуаттайтын станция түрлерін жасап жатыр. Бұл қуаттағыштар негізінен қуатты Күннен алады.
 
Tesla электромобильдерін қуаттау қанша тұрады? 
Аккумулятор батереясын 85 кВт/с қуатпен 40 минут ішінде 80 пайызға қуаттау көлік бағасына қоса есептелген. Ал қуаты біткен батереяларды ауыстыру (1,5 минутта) 60-80 доллар. 
 
2014 жылы Tesla мен Невада штаты ортасындағы келісім-шарт бойынша құрылуы жоспарланған зауытта 2020 жылға қарай жылына 500 мың дана батерея жасалатын болады. 
 

Автопилот 
Илон Масктың Tesla көліктеріне енгізген тағы бір жаңалығы – автопилот. Бұл компанияның бұрынғы басшысы Мартин Эберхардтың ойына да келмеген іс. Мамандар Tesla-ның автопиолотын жыл өткен сайын дамытып жатыр. Жақында Model 3 адамның басқаруысыз Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейінгідей арақашықтықты тәуелсіз жүріп өтпекші.
 
Бәсекелестер 
2018 жылдың үшінші маусымында жасап шығарған көліктер саны бойынша Tesla Porsсhe және Jaguar-дан өзып кетті. Tesla бұл маусымда 83 500 электрлі темір тұлпар өндірген. Бір қарағанда аздай көрінгенмен, мұны ақшаға айналдырсақ 5 миллиард доллар болады екен.
 
Қазір ешқандай автокомпания Tesla-ға бәсекелес болатындай аналог жасай алған жоқ. 

Tesla автомобиль өндіретін компанияларға соққы беруін жалғастырып келе жатыр. Мысалы, АҚШ-та өткен жылғы қыркүйек айы мен биылғы қыркүйек айының арасында Tesla-ның саудасы 563 пайызға артты. Ал Mercedes-Benz-тің саудасы болса 15,6 пайызға кеміді. Бұл әлі бастамасы. 2020 жылы аталған платформада кроссовер шығарылу жоспарланып жатыр. 2023 жылы 25 мың доллар тұратын "тесламобильдер" шығарылу көзделіп отыр.
Т. Раушанұлы