Botnet – мыңдаған лайк пен пікірге кепілдік беретін желі

Botnet – мыңдаған лайк пен пікірге кепілдік беретін желі
Фото: freepik.com

Билли Чейзен есімді IT-маман Botnet деген iOS қосымша жасады. Бұл – әлеуметтік желінің симуляторы. Ол әр адамға өзін жұлдыз сезінуге "мүмкіндік сыйлайды".

Қосымша Twitter-ге ұқсайды, бірақ мұндағы жалғыз тірі адам – қолданушының өзі. Қосымшадағы желіде тек боттар бар. Олар қолданушыға аямай лайк басып, посттарға пікір жазып отырады.

"Боттарды игі мақсатта қалай пайдалануға болады деген ойдан басталды барлығы. Сіздің ойыңызға келісіп, постыңызды мақтайтындар көп болса қалай болар еді? Бәлкім, мұндайда адамдар өзін жалғыз сезінбейтін бе еді", - дейді автор.

Қосымшаға тіркелу үшін атыңызды жазып, профиль фотосын жүктеу керек. Чейзеннің айтуынша, бұл қосымша өзге әлеуметтік желілердей қолданушының жеке деректерін пайдаланбайды.

Massaget