Salfish 3 — Android баламасы

Salfish 3 — Android баламасы
Фото: jolla.com

1 қараша күні жаңа Salfish 3 оперативті жүйесінің презентациясы өтті. Оның мобильді нарықтағы алып Android-пен бәсекелес болатын ниеті бар екен.

Salfish 3 оперативті жүйесі Qualcomm және MediaTek компаниялары жасаған ARM-процессорларға бейімделген. Демек, Apple-ден өзге мобильді құрылғыларда жұмыс істей береді.

Финляндиялық Jolla компаниясының өнімі саналатын Salfish 3 былтыр, яғни, 2017 жылы жарқ етті. Бірақ ол кезде оперативті жүйенің ақауы көп еді. Араға бір жыл салып технологтар әмбебап, қуатты, барлық ақауы жөнделген өнім жасаған тәрізді.

 

Жаңа оперативті жүйе Android, iOS-тарға мүлде ұқсамайды. Интерфейсі өте ерекше финн технологтарының стилі бойынша жасалған, оның үстіне өте жылдам, зыр жүгіретін көрінеді. Қауіпсіздік жағынан да біраз жетілдірілген, гаджеттегі бүкіл мәлімет шифрланады.

Salfish 3-ті қазірдің өзінде орнатып қоюға болады, бірақ ол үшін бұғаттан енді шыққан Bootloader жүктегішін пайдалану керек.

Jolla 8 қарашада оперативті жүйенің жаңа X нұсқасын шығармақ. Ол тек Sony смартфондарында ғана қолданылатын болады.

Мамандар пікіріне сенсек, Android-тың гегемониясын тоқтататын дәл осы Selfish 3 болмақ. Ал iOS-тың жөні бөлек.

Massaget.kz