"Facebook" сіз туралы бәрін біледі

"Facebook" сіз туралы бәрін біледі
Фото: hi-news.ru

Сәуір айындағы "Facebook"-тің "Cambridge Analytica"-мен арасындағы дауға байланысты АҚШ Конгресі әлеуметтік тармақтан өз пайдаланушылары туралы ақпаратты қалай жинағаны туралы барлық әдіс-тәсілдерді көрсетуді талап етті.  Бұл үшін 222 беттен тұратын құжат дайындалған екен. Көпшілік "Facebook" компаниясы пайдаланушыларын әлеуметтік тармақта қанша уақыт отыруын бақылайтынынан хабардар. Бірақ құжатта көрсетілген басқа тәсілдер адамды таңғалдырады. Біз солардың бірнешеуіне тоқталып өтейік.

"Facebook" сіздің ерніңіздің қозғалысын жазып алады. Бұл компанияға сіздің робот еместігіңізді анықтауда көмектеседі екен.

●  "Facebook" сіз пайдаланып жатқан құрылғы туралы мәліметті топтайды. Бұл тек қана құрылғының моделі, операция тізімі ғана деген сөз емес. Компания смартфоныңызда қалған батарея қуаты, байланысы және телефон жады туралы да мәлімет жинайды.

● Сонымен бірге, операция тізім, браузерлер, орнатылған бағдарламалар, файлдар жайлы да ақпарат алып отырады.

● Одан басқа компанияда сіздің байланыс операторыңыз, интернет-провайдеріңіз, ІР-мекен-жайыңыз, сағат белдеуіңіз, байланыс жылдамдығы туралы да толығырақ мәлімет бар.

● Кейбір кездерде компания тек сіздің емес бәлкім сізге жақын немесе бір тармақта болған құрылғылар туралы мәліметтерді де жинайды.

● "Facebook" желісінде сіз пайдаланып жатқан гаджет айналасындағы Wi-Fi нүктелері мен ғимараттар туралы да мәлімет бар.

● GPS, камера және галереядағы суреттерден басқа "Android Facebook" сіздің қоңырауларыңыз бен SMS тарихыңыз туралы да мәліметтер топтайды.

● Бір сөзбен айтқанда "Facebook" компаниясы сіздің аккауынтарыңыз бен мобильдік бағдарламаларыңыз туралы барлық мәліметті жинай алады.

Т. Раушанұлы