Миллиард адамның басын қосқан Facebook

Миллиард адамның басын қосқан Facebook

Facebook қолданушыларының саны миллиардқа әне-міне жететінін айтып өткен болатынбыз. Жақында Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылар саны миллиардтан асып түсті, деп хабарлайды BBC News.

"Бүгін Facebook қолданушыларының саны миллиард адамнан асып кетті. Егер осы жазғанымды оқыған болсаңыздар, маған және менің командама қолдау көрсеткендеріңе алғыс айтамын". Бұл Facebook-тің негізін қалаушысы Цукербергтің өз парақшасында қалдырған сөзі.

Компания мәліметі бойынша, 2004 жылы құрылғаннан бері қолданушылар 1,13 триллион "лайк" қалдырса, 219 миллиард сурет жүктеген. Сонымен бірге, сайтқа 17 миллиардтан аса рет кірген.

Осындай нәтижелерге байланысты Цукерберг өз сөзін:"Миллиардтаған адамдардың сөйлесуіне көмектесу бұл - таңқаларлық жағдай және менің өмірімнің басты мақтанышы. Осындай нәтижені көріп, мен Facebook қызметін одан әрі жақсарту үшін күні-түні жұмыс жасауға дайынмын. Біздің ендігі мақсатымыз - қалған әлемді біріктіру", деп түйіндеді. 

Facebook қолданушыларының саны 2009 жылы 100 миллион адам болса, 2010 жылдың жазында 500 миллион адамға жеткен.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: forexaw.com

Б. Қосмағамбет